22–25 сәуір аралығында өткен «Айбын–2025» алғашқы әскери-технологиялық даярлық бойынша халықаралық жарыстың облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын қорғаған Червонное орта мектебі, №1 Новоишим орта мектебі, Рузаевка орта мектебі, Ломоносов орта мектебі, Урожайное орта мектебі және Новоишим қазақ орта мектебінің түлегі, 11"а"сынып оқушысы Жылқайдар Шыңғыс/ жетекшісі АӘДТ педагог- ұйымдастырушы Еслямов Р.Е. /құрама командасында жүлделі 2-орынды иеленді!
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, ел тарихына деген құрметті арттыруға үлкен үлес қосады.

“Таза Қазақстан” жобасының аясында “Жасыл апта” челленджін іске асыру мақсатында мектебімізде сенбілік өткізілді.

2025 жылғы "Бір ел - бір кітап " республикалық акциясы аясында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранының авторыларының бірі, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтың туғанына 90жыл толуына орай "Қазақ жырының тұңғиығы" атты тақырыпта жыр кеші ұйымдастырылып, өткізілді. Жыр кешіне Аймақ негізгі мектебінің 6 сынып оқушылары қатысып, кітап көрмесімен танысты.

2025 жылдың 25 күні Ғ.Мүсірепов атындағы "Төтенше жағдайлар бөлімінің" ұйымдастыруымен аудандық "Жас құтқарушылар" сайысы өтті. Мақсаты: жас құтқарушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқару әдіс-тəсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды өрт-құтқару спортымен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді əскери-патриоттық негізде тəрбиелеу болып табылады. Нәтижесінде Новоишим қазақ орта мектебінің 8-10 сыныптардан құралған "Жас қырандар" тобы 1- ші орынды иеленді.
Жүлдегерлер бастық, азаматтық қорғау подполковнигі Мукашев С.Е.атынан мадақтамамен және кубоктармен марапатталды.

ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, балаларды кітап күнінің шығу тарихымен таныстыру және кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, кітапты сүюге, таза ұстауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Аймақ ауылдық кітапханасында 2- сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай Аймақ негізгі мектеп 2,4 сынып оқушылар қатысуымен «Әр түрлі кітаптар әлемі» атты іс-шара және кітап көрмесі өтті.

Іс-шара барысында балалар кітап туралы тақпақтарды жатқа айтып, танымдық көрініс көрсетті. Кітапханашы жаңа кітаптар көрмесімен және балаларға арналған әдебиеттермен таныстырып, жұмбақтар жасырды.

Кітапханашы «Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттырады» деген пікірін білдірді.

Аймақ негізгі мектебінің 3 - сынып оқушыларына кітапханашы "Андерсенннің ертегі әлемі" атты кітап көрмесімен таныстырды. Ертегілер әлеміне саяхат жасағыңыз келсе, Г.Х. Андерсеннің шығармалары сізді күтеді. Олар сіздің жүрегіңізді жылытып, қиялыңызды оятып, өмірдің сұлулығын көруге көмектеседі. Г.Х. Андерсен – мәңгілік ертегілердің шебері, оның мұрасы мәңгілікке сақталады.

Г.Х. Андерсеннің туғанына 220 жыл толуына байланысты, оқушылар өмірбаянымен танысты. Ертегілерінен үзінді оқылды. Ертегіні түсіне отырып ешкімге қиянат жасамау керек екендігін түсінді.

Мақсаты: Оқушыларды Г.Х. Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: Оқушыларды ертегілерден үлгі-өнер алуға үйрете отырып,барлығына сүйіспеншілікпен қарау қасиеттері туралы түсінік беру...

Аймақ негізгі мектеп кітапханасында жас оқырмандар үшін «Біз журналдардан, барлық әлемдегіқызықтарды оқып білеміз» іс-шара өткізілді.

Кітапханашы балаларды кітапханадағы журналдармен таныстырды. Жас оқырмандар журнал беттерінде қызықты .

Балаларға арналған журнал беттерінде қанша пайдалы және қызықты, көңілді және нұсқаулық басылған!