Меню KDT

Новости

Главная Новости

26.03.2025

«МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯМ» облыстық конкурсының қорытындылары

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты V облыстық жас педагогтар форумы аясында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 4 бағыт бойынша «Менің педагогикалық инновациям» атты облыстық жас педагогтердің кәсіби шеберлік конкурсын өткізді, оған 4 бағыт бойынша 34 педагог қатысты. Іс-шараның мақсаты - жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату.

26.03.2025

«Қысқы ертегі әлеміне саяхат»

2025 жылдың 14 ақпан күні балалардың шығармашылығын және баланың ойлауының өзіндік ерекшеліктерін тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде дамыту мақсатында «Қысқы ертегі әлеміне саяхат» тақырыбындағы республикалық байқауының сарайішілік кезеңі өтті.
Байқауға барлығы 23 оқушы қатысып, республикалық кезеңге жолдама алды.

26.03.2025

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Балаларды мақал-мәтел, жұмбақтар айту арқылы қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту, оқуға деген құлшынысын арттыру, дұрыс, тапқыр сөйлеуге үйрету мақсатында 11.12.2024ж. күні «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы өтті.

26.03.2025

🖇📜«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН» АЙДАРЫ

13.12.2024 жылы «ТАНЫМ.ТАРИХ. ТАҒЗЫМ» тақырыбындағы гуманитарлық бағытындағы үйірмелер апталығы аясында журналистика үйірмесінің жетекшісі Әділ Жадыра Хайырғалиқызының жетекшілігімен «Жас жүргізуші – 2024» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: жастардың тіл тазалығын сақтауға үйреті, ана тілін құрметтеуге баулу, тіл мәртебесін көтеру, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Байқауға әр үйірмеден 12-17 жас аралығындағы жүргізушілік қабілеті бар 5 оқушы қатысты. Оқушылар әр кезең бойынша өздерінің білімдерін сынап, нәтижесінде І орынды Нұрқожа Әбілмансұр, ІІ орынды Аманқызы Мөлдір, ІІІ орынды Аманқызы Назерке иеленді. Сонымен қатар, Каракульчикова Назерке «Көрермен көзайымы», Қалдыбек Кәусар «Шығармашыл жүргізуші» номинациясына ие болды.

26.03.2025

🖇📜«ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОРЖЫН» АЙДАРЫ

11.12.2024 жылы «ТАНЫМ.ТАРИХ. ТАҒЗЫМ» тақырыбындағы гуманитарлық бағытындағы үйірмелер апталығы аясында оқушылардың, жастардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және интеллектуалды деңгейін арттыру мақсатында «Эссе жазу» үйірмесінің жетекшісі Мамедова Нұргүл Кенжетайқызының ұйымдастыруымен «Ұшқыр ой» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа «Эссе 15 оқушы қатысты. Оқушылар әр кезең бойынша өздерінің білімдерін сынап, нәтижесінде І орынды «Жалын» командасы, ІІ орынды «Рухты ұрпақ» командасы, ІІІ орынды «Мәңгі таспа» командасы иеленді.

26.03.2025

Оқушылар сарайында әдістемелік отырыс өтті

2025 жылдың 12 желтоқсан күні ғылыми-әдістемелік бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес кезекті әдістемелік отырыс өтті. Әдістемелік отырысқа бөлім меңгерушілері, әдіскерлер, педагогтер қатысты. Отырыс аясында Педагогтердің өз іс-тәжірибесінен дайындағын оқу-әдістемелік көмекші құрал материалдарын бекіту, педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, педагогтердің портфолио жинақтау дайындығы сондай - ақ қыс айларында өтетін сайыс, байқаулардың ережелерін жасақтау, бекітуге ұсыну мәселелері қаралды. Бірқатар педагогтердің оқу - әдістемелік материалдары көмекші құрал есебінде сарай ішіне таратылды.

26.03.2025

Мағжан оқулары"

26 ақпанда қазақ тілі бойынша "Мағжан оқулары" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Диль Ксения 3 орын алды. Біз Алма Үкібасқызыны және оның тәрбиеленушісі Диль Ксенияны құттықтаймыз!

26.03.2025

#Көңілді_үзіліс #Өткізген_СейтмуратЗ_ОмароваА #Наурыздың_19_ы_1_8_сыныптар

https://www.facebook.com/profile.php?id=100023833780653