22-наурыз іс шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылды .Осы жоспар аясында «Құтты болсын наурыз » тақырыбында мерекелік іс шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мерекелік іс-шара барысында концерттік бағдарламалар, дәстүрлі келіндер сайысы болып, Абай ауылының тұрғындарының ұйымдасуымен, ошақтарға, көтерілген қазандарға келіндер наурыз көже дайындап, ақ дастарқан жайды.

Дастарқанға қариялар да, жастар да жиналып, қастерлі дәмнен ауыз тиді. Үлкендер бата беріп, еліміздің көркейе беруіне, тұрғындардың ынтымағының нығая түсуіне тілектестік танытты.

#ЦентрпсихологическойподдержкиСКО#Мырядом#