Меню KDT

Новости

Главная Новости

14.03.2025

"Баланы өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету тәртібі”

24.02.2025ж.күні “Ата-аналарды  педагогикалық қолдау орталығы” жоспарына сай 1-4 сынып ата-аналарына "Баланы өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету тәртібі” тақырыбында дәріс өткізілді.  Дәріс барысында ата-аналарға баланың эмоциялық интеллектін дамыту және оның өз сезімдерін, сондай-ақ айналасындағы адамдардың эмоцияларын түсінуі туралы маңызды ақпарат берілді. Баламен эмоционалды қарым-қатынасты жақсарту, оның жан дүниесін түсіну және дұрыс бағыт беру тәсілдері талқыланды.  Сонымен қатар, ата-аналарға баланың эмоционалды дамуын қолдау үшін қолданылатын практикалық әдістер ұсынылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Дәріс ата-аналар үшін пайдалы әрі танымдық сипатта өтті. Қатысушылар бала тәрбиесінде эмоциялық интеллекттің маңыздылығын түсініп, оны дамытудың тиімді әдістерімен танысты. #біртұтас_тәрбие 

14.03.2025

Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет

Құқық бұзушылықтың  алдын алу - басты міндет.  Осыған орай мектебімізде  2025 жылдың 20 қаңтар  күні 7-11 сыныптардың ер балаларына  жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану,  Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу  сағаты өтті. Бұл кездесуге  Қарақия ауданы ПБ ЖПҚб ЮПТ КТіЖ  УПИ полиция  аға лейтенанты Г.Сұлба сондай-ақ директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  сынып жетекшілер қатысты.  Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде  жасөспірімдерге қоғамда, мектепте  басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізе

14.03.2025

“Математика және өмір”

“Теориядан тәжірибеге” жобасы аясында “Математика және өмір” зияткерлік сайысы өтті  2025 жылдың 19 ақпанында мектепішілік “Теориядан тәжірибеге” жобасы аясында “Математика және өмір” атты зияткерлік сайыс өтті.  Сайысты математика пәні мұғалімі: Ж.Чаматаев жүргізді. Бұл сайыс оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, логикалық есептерді шешу дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  Сайысқа 7А сыныбынан төрт оқушы және 7Ә сыныбынан бір оқушы қатысты. Қатысушылар әртүрлі күрделі есептерді шешіп, математикалық логика мен тапқырлықтарын көрсетті. Белсенді әрі тартысты өткен жарыстың нәтижесінде 7А сыныбы жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.  Бұл зияткерлік сайыс оқушылардың білімін тәжірибеде қолдануға, командамен жұмыс істеуге және уақытты тиімді пайдалануға үйрететін маңызды шара болды. Келесі кезеңде 7А сыныбына сәттілік тілейміз! 

14.03.2025

“Таланттар жұлдызы”

20.02.2025ж.күні мектебімізде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында “Таланттар жұлдызы”  “Шабыт” жобасы аясында өнер байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда қатысушылар өз өнерлерін төрт негізгі номинация бойынша көрсетті: вокал (ән айту), аспапта ойнау, мәнерлеп оқу және би өнері.  Шара барысында жас өнерпаздар өз қабілеттерін ортаға салып, көрермендерді таңғалдырды. Ән байқауында қатысушылар әртүрлі жанрдағы әндерді жанды дауыста орындап, ерекше әсер сыйлады. Аспапта өнер көрсету бөлімінде домбыра, баян секілді музыкалық аспаптарда әуезді шығармалар орындалды. Мәнерлеп оқу сайысында оқушылар көркем шығармаларды жүрекке жеткізе оқып, көрермендердің қошеметіне бөленді.  Би номинациясы да ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар қазақтың ұлттық билерімен қатар, заманауи және классикалық хореография элементтерін қамтитын қойылымдар ұсынды. Әсем қимыл, ырғақты әуен мен әсерлі сахналық образдар көрермендерді тәнті етті.  Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігін, сахналық мәдениетін және шығарма

14.03.2025

"Шын жүректен кітап сыйла"

18.02.2025 ж " N1 жалпы білім беретін мектеп"КММ -сінде " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " Шын жүректен кітап сыйла"акциясы өтті. Мақсаты: қарапайым және мейірімге толы барлық адамзатты кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір -біріне сыйлау дәстүрін қайта жанғыруға ықпал ету. Бұл мереке кітапсүйер қауым үшін ерекше күн болып саналды. #оқуғақұштармектеп

14.03.2025

«Жасөспірімдерге есірткіден сақтану жолдарын үйрету»

19.02.2025жыл күні  «№1ЖББМ»КММ-де Аудандық полиция бөлімімен бірлескен жоспар бойынша «Жасөспірімдерге есірткіден сақтану жолдарын үйрету» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: • Жасөспірімдерге есірткінің зияны мен қауіптілігі туралы түсінік беру. • Есірткінің өмірге қауіпті әсері, салдары және оны пайдаланудың алдын алу жолдары жайлы ақпарат беру. • Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, есірткіден аулақ болуға ынталандыру. • Есірткіден аулақ болу жолдары, өз өмірін құнды ету үшін не істеу керектігі туралы кеңес беру.

14.03.2025

«Әжем айтқан ертегі»

14.02.2025ж.күні мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Әжем айтқан ертегі» атты іс-шара өтті.  Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі: Ш.Төлесін жүргізді. Іс-шараның мақсаты – балаларды қазақтың ауыз әдебиетімен таныстыру, олардың қызығушылығын арттыру және ертегілер арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.  Іс-шара барысында әжелер мен кітапханашылар қазақ халық ертегілерін оқып, олардың тәрбиелік маңызы туралы әңгімеледі. Балаларға түрлі ертегі кітаптары таныстырылып, халық ертегілерін оқып, олардың астарлы мағынасы мен өмірлік тағылымын түсіндірді. Сондай-ақ, балаларға арналған викториналар, қойылымдар және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.  Бұл шара балалардың қиялын дамытып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге ықпал етті. #біртұтастәрбие #балаларкітапханасы

13.03.2025

Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған әдістемелік семинар-практикум

<p>2025 жылғы 13 наурыз күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жақсы мектеп үшін жаңа мұғалім», «Көктемгі мектеп» кіші жобасы аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға дайындық мақсатында мектеп пен колледж  педагогтері үшін  математикалық сауаттылығы бойынша әдістемелік семинар-практикум өткізді.</p>