Меню KDT

Новости

Главная Новости

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 11-і 7-10 сынып аралығында Қазақстан тарихынан Адраков С. Н. "Қазақстан тарихын білесің бе?" атты викториналық сайыс өткізді. Мақсаты: Қазақ тарихы жайлы толығырақ мәлімет беріп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Сұрақ-жауап арқылы "Кім жылдам" кезеңіне белсенді қатысып, оқушылардың арасында жеңіске жеткендер марапатталды.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

2025 жылдың 12 ақпан күні аудандық «Үздік мектеп парламенті» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру.

Байқауға ауданның 20 мектебі 100-ден астам оқушысы қатысты. Әділқазылар алқасының шешімімен Жамбыл ЖОББМ-нің "Айқын" командасы "Ең үздік әулеметтік жоба" номинациясына ие болды. Байқау мектеп парламенттерінің белсенділігiн, көшбасшылық қабілеттерін және ұйымдастырушылық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік туғызды. Байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әрi қызықты өтті. Осы байқауды ұйымдастырған аудандық білім бөлімінің әдіскері Сыздыкова Жанар Айгожевнаға үлкен алғыс бiлдiремiз!!!

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

"Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі" КММ "Сұңқар" дебат клубының ұйымдастыруымен қаңтар айында "БП жекеменшік мектептер мемлекеттік мектептерден әлдеқайда жақсы деп санайды" тақырыбында дебат өткізілді. Оқушыларды жан жағынан сын көзбен қарап, орын алып жатқан құбылыстарға өзіндік баға беруге, айналасындағы адамдармен, еркін қарым қатынас орнатып, жалпы қоғам өміріне белсенді араласуға тарту.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 12-і 5-6 сынып аралығында қазақ тілінен Казиева А.Б. "Мақал - мәтелдерді табамыз " атты сайысын өткізді. Мақсаты: оқушыларға мақал-мәтелдер қазақтың қысқа, әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы, тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету. "Сұңқар" және "Тұлпар" топтары өздерің таныстырып, белсенді катысып, жеңіске жетуге тырысты. Соңында дипломмен мараппаталды.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 13-і 3-4 сынып аралығында ағылшын тілінен Тастан А.М. "Your English language" атты сайысын өткізді. Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, логикалық сұрақтар, жұмбақтар шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылар сайысқа белсенді катысып, жүлделі орындарға ие болып, дипломмен мараппаталды.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 14-і күні 7-10 сынып аралығында орыс тілі мен әдебиетінен Казиева А.Б.. . "Своя игра" атты теледидарлық интеллектуалдық ойын өткізді. Мақсаты: оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттің негізгі тәсілдерін меңгеру логикалық сұрақтарға жауап табу, шығармашылық қиял және топпен жұмыс жасау. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы ойынға белсенді катысып, ойын соңында қорытындылар шығарылып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталады.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 14-і 5-10 сынып оқушыларына "Үздікке үстемдік" атты қысқа метражды фильм көрсетілді. Деструктивті діни ағымдар-елге танымал, қоғамда өзіндік орны бар адамдарды өздерінің қатарына тартады. Әсіресе спортшы, өнер саласының майталманы, БАҚ өкілі мен кәсіпкерлермен бе айланым құрады. Мұндай жандарға моральдық я материалдық тұрғыда жалған көмек ұсынуға әзір. Өйткені қоғамдық ықпал - оларға маңызды.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 14-і 5-10 сынып оқушыларына "Үздікке үстемдік" атты қысқа метражды фильм көрсетілді. Деструктивті діни ағымдар-елге танымал, қоғамда өзіндік орны бар адамдарды өздерінің қатарына тартады. Әсіресе спортшы, өнер саласының майталманы, БАҚ өкілі мен кәсіпкерлермен бе айланым құрады. Мұндай жандарға моральдық я материалдық тұрғыда жалған көмек ұсынуға әзір. Өйткені қоғамдық ықпал - оларға маңызды.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Ақпанның 17-і 5-6 сынып аралығында Қазақстан тарихынан Адраков С.Н.. "Кім жылдам, Мықты болсаң, тауып көр" атты жарыс өткізді. Мақсаты:

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы жарысқа белсенді катысып, жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталады.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

Тілдер апталығы аясында ағылшын тілінен Тастан А.М. ұйымдастыруымен 18 ақпан күні 7-10 сыныптар арасында Who wants to be a millionaire? интеллектуалдық ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, ағылшын тілінде түрлі сұрақтарға жауап берді. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, әр қатысушыға түрлі сыйлықтар таратылды.

11.03.2025

біртұтас_тәрбие

2025 жылдың 20 ақпанында пәндік тақырыптық апта аясында мектепте 5-сыныпта "О чём рассказывает одежда", "Shops" тақырыбында ағылшын тілі мен орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша ашық интеграцияланған сабағы өткізілді. Тәлімгер Қазиева А. Б. және жас мұғалім Тастан А. М. сабақта жақсы атмосферасын құрды. Сабақтары ойын технологиясын қолдана отырып құрылды, қолданылған оқыту әдістері сабақтың мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келді. Интеграцияланған сабақ нәтижелі және қызықты болды, сөзбен айтқанда, жақсы қарқынмен өтті, бұл сөзсіз мұғалім-тәлімгер мен жас мұғалімнің еңбегі. Рефлексия кезеңінде оқушылар өз қызметінің нәтижелеріне өзін-өзі бағалау жүргізді.