2025 жылдың 20 ақпанында пәндік тақырыптық апта аясында мектепте 5-сыныпта "О чём рассказывает одежда", "Shops" тақырыбында ағылшын тілі мен орыс тілі және әдебиеті пәндері бойынша ашық интеграцияланған сабағы өткізілді. Тәлімгер Қазиева А. Б. және жас мұғалім Тастан А. М. сабақта жақсы атмосферасын құрды. Сабақтары ойын технологиясын қолдана отырып құрылды, қолданылған оқыту әдістері сабақтың мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келді. Интеграцияланған сабақ нәтижелі және қызықты болды, сөзбен айтқанда, жақсы қарқынмен өтті, бұл сөзсіз мұғалім-тәлімгер мен жас мұғалімнің еңбегі. Рефлексия кезеңінде оқушылар өз қызметінің нәтижелеріне өзін-өзі бағалау жүргізді.
Ақпанның 18-і 5-10 сынып оқушыларына "Бұрыстан дұрысқа" атты қысқа метражды фильм көрсетілді.
Ақпанның 21-і мектеп оқушыларымен "Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады" тақырыбына фильм көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ризашылық күні қарсы алдында 5-10 сыныптарында "Мейірімділік -асыл қасиет" тақырыбына сынып сағаттар өтті. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.

Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Ризашылық күні қарсы алдында 3 сыныпта "Мейірімділік -адамгершіліктің негізі" тақырыбына сынып сағаты өтті. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.

«Адалдық дүкенінің» ашылу мақсаты – оқушылардың бойына адалдық қасиеттерін сіңіру, оларды адалдыққа және әдептілікке баулу болып табылады.

Яғни, кез-келген оқушы сатушысы болмайтын аталған дүкеннен өзіне қажетті тауарды белгіленген құны бойынша тиісті бағасына сатып алып, ақшасын арнайы қойылған кассаға өткізеді. Осылайша, ешбір қадағалаушысы жоқ дүкеннен қажетті затын сатып алған оқушы қулыққа немесе қиянатқа жол бермей, өзін адалдыққа және әділдікке тәрбиелей алады. Осындай дүкен мектебімізде бүгінде жұмысын жалғастыруда.

1-наурыз азаматтық қорғаныс күніне байланысты Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде эвакуациялық жаттығулар, видео презентациялар және оқушыларға төтенше жағдайда қалай әрекет жасау керектігі түсіндірілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқушыларға дәрістер оқылып, олардың сұрақтарына жауап берілді, өрт, газ, электр, су басу, улы заттар қауіпсіздігі туралы айтылды.
Ризашылық күні қарсы алдында "Өмірге риза болып, алғыс айт" акциясы өтті.
Ризашылық күні қарсы алдында "Алтын қолдар" көрме ұйымдастырылды
03.02.2025ж «Smart-Bala» жобасы аясында 5-11 сынып оқушыларына «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында алдын алу шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, киберқауіптерден қорғану жолдарын үйрету және цифрлық сауаттылықты арттыру.

Оқушыларға интернеттегі алаяқтық, кибербуллинг, жеке деректерді қорғау және қауіпсіз интернет пайдалану туралы пайдалы кеңестер берді.

Бұл алдын алу шарасы цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және балаларды интернет кеңістігінде кездесетін қауіптерден сақтандыруға бағытталған.
#біртұтастәрбие
17.02.2025 жыл күні 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері «Зорлық зомбылық түрлері», «Зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыптарында сынып сағат өткізді. Мектеп психологі М.Оразалиева 5-6 сынып оқушыларына «Зорлық-зомбылыққа жол бермейік!»тақырыбында тренинг өткізіп,соңында видеоролик көрсетті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.