Меню KDT

Новости

Главная Новости

06.03.2025

«Ең керемет адам»

06.02.2025ж.күні мектебімізде «Дос болайық» акциясы аясында мектептің “Өін-өзі басқару” ұйымы мектеп қызметкерлеріне  арнап «Ең жақсы ұстаз», «Ең керемет адам» деген сияқты жылы лебіздер жазылған жүрекшелер дайындады. Бұл шара ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың көңіл-күйін көтеруге бағытталған. «Дос болайық» акциясы достықты нығайту, шығармашылық ынтымақтастық және мектеп өмірінде позитивті қарым-қатынасты дамыту мақсатында өткізіледі.  #ДОСБОЛLIKE

06.03.2025

“Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!”

Ақпан айының 6-сы күні мектебімізде “Өмірге “ ИӘ” деп айт!” психологиялық онкүндік жоспары аясында 6 сынып оқушылары арасында “Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!” тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру,дамыту, шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Мектепішілік шараларға қызығушылығын арттыру.Сайысқа оқушылар белсене қатысты. #өмірге_иә_деп_айт

06.03.2025

«Көтеріңкі көңіл күй»

06.02.2025ж.күні мектебімізде «Өмірге иә деп айт» онкүндігі аясында мектептің “Өзін-өзі басқару” ұйымы «Көтеріңкі көңіл күй» атты іс-шара өткізді. Бұл шара барысында ұйым мүшелері мектеп қызметкерлеріне позитивті сөздер жазылған қағаздар мен тәттілер ұсынып, олардың көңіл-күйін көтерді. Іс-шараның мақсаты – мектеп ұжымында жағымды атмосфера қалыптастыру және қызметкерлердің күнделікті жұмысына қуаныш пен мотивация қосу. #Өмірге_иә_деп_айт #біртұтастәрбие

06.03.2025

Әкем, анам және мен

04.02.2025ж.күні мектебімізде «Дос болайық» акциясы аясында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық жарыс өтті.  Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, бірлік пен татулықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған бұл жарыс ерекше көңілді әрі тартысты өтті.  Сайысқа 4 отбасы қатысып, өзара 6 кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын және командалық үйлесімділіктерін көрсетті. Жарысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері: А. Күзенбаева және А. Нұрғалиев жүргізді. Жарыс қорытындысы бойынша төмендегі орындар берілді.  🔹 Жеңімпаздар: 🏆 1-орын – Асқаровтар отбасы 🥈 2-орын – Серікбаевтар отбасы 🥉 3-орын – Рахматуллиндер және Рысқалиевтер отбасылары иеленді.  Отбасылар арасындағы ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсеткен бұл сайыс баршаға тамаша көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға алғыс білдіреміз! #ДОСБОЛLIKE

06.03.2025

Көңілді үзіліс

05.02.2025ж .күні мектебімізде “ Өзін-өзі басқару” ұйымы оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және белсенділіктерін арттыру мақсатында «Көңілді үзіліс» атты іс-шара ұйымдастырды.  Шара барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, оқушылардың жылдамдығы, тапқырлығы мен ұйымшылдығы сыналды. Белсенді қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергіту сәті сыйланып, достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.  «Көңілді үзіліс» оқушылардың мектеп өміріне қызығушылығын арттырып, олардың бір-бірімен жақын араласуына мүмкіндік берді. Іс-шараға белсенділік танытқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз! #біртұтас_тәрбие #көңілдіүзіліс

06.03.2025

Асар челленджі

31.01.2025ж.күні “Өзін-өзі басқару ұйымының“ іс-шара жоспарына сәйкес  мектеп парламенті «Асар челленджі» бойынша аудандық мешітке барып, тазалық жұмыстарын жүргізді.  Іс-шараның мақсаты – оқушыларды қайырымдылыққа, қоғамдық жұмыстарға және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.  Мектеп парламентінің мүшелері мешіттің ішкі және сыртқы аумағын тазалап, ұйымдасқан түрде көмек көрсетті. Бұл бастама жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, оларды қоғамға пайдалы істерге белсенді қатысуға ынталандырды.