23 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Омбаева Гүлнұр Бақытқызы «Қазақстандағы ұжымдастыру» тақырыбында 8 «Б» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді талдау болды. Мұғалім сыныпты үш топқа ұтымды, тақырыпқа сай бөліп, «Біліміңді таныт» айдары арқылы өткен білімді тексерді. Жаңа білімді Мекемтас Мырзахметұлының өмірінің сұрапыл кезеңінен үзінді келтірілген бейнематериалымен бастап, балалардың назарын «Ұлы нәубет» сөзіне аудара отырып, тақырыптың мазмұнын аша білді. Мәтінді бөліп бере отырып, әр топқа «Сұхбат», кестемен жұмыс, картамен жұмыс, рөлдік ойындар топтық тапсырмалары берілді. Оқушылар ізденіспен, ерекше құлшыныспен тапсырмаларды орындады. Жұптық тапсырмалар арқылы зерттеу сұрағына оқушылардың назарын аударды, жеке тапсырмалар беріліп, сабақ мазмұны бекітілді, ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістері талданды. Сабақ мақсатына толық жетті. Топтық бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар бағаланып, сабақтың барысы жайлы оқушылар тарапынан ауызша, жазбаша кері байланыс берілді.

29.01.2025жылы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 11сынып оқушыларымен “Үміт, сенім бізді алға жетелейді” тақырыбында тренинг өтілді. Мақсаты: оқушылардың мектеп бітіру сынағына дайындық деңгейін анықтау, психологиялық көмек көрсету арқылы оқушы бойына өзінің мүмкіндігіне деген сенімділікті қалыптастыру; қиын жағдайда тығырықтан шығу жолдарын уйрету, қобалжу, стресс сияқты психологиялық құбылыстарды болдырмауға дайындау. Қорытынды: 11сынып оқушыларымен бір қатар жаттығулар жасап, сұрақ қойылып, жауаптарын алды. Тест кезінде шыдамдылыққа, төзімділікке, шапшандыққа тәрбиелеуге, асығыстықты болдырмауға тапсырма мағнасын мұқият зерделеп барып, белгілеуге бағытталған жаттығу орындалды. Ми жартышарларының бірлесіп жұмыс істеуін белсендіру арқылы ойлау, зейінін, есте сақтау қаблеттерін дамытуға нейрогимгастика жаттығуларын жасады. Өзіне деген сенімділігін арттырып, ҰБТ-ға деген жағымсыз ойлардан , қорқыныш, үрейден арылтып, жағымды эмоциялық көңіл күй тудыруға жағдай жасалды. Оқушыларға жаднама таратылып, кеңестер берілді.

Орындаған мектеп психологтары

@Opkо_2024

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін МАРАПАТТАУ сәті