Күзгі сессиядағы дамыту блогының

жоспары бойынша 15.10.2024ж. күні 9 «А»

сынып жетекшісі Р.Кашаганованың

ұйымдастыруымен 9 "А" сыныбыммен

«Ата-ананың парызын,өтеу-сенің қарызың атты танымдық сабақ өткізілді.

Танымдық сағаттың мақсаты: Оқушылар бойына осы танымдық сағаты арқылы сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату.Ата-анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу.Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.

Құрманбек Жанбота ның орындауында "Мен қазақпын" әнімен ашылды. "Түсінем-сенің уақытың жоқ....,маңызды шаруаң көп",-видео ролик көрсетілді.Бектұр Зере мен Әбдіманап Дәурен жүргізумен өткізілді.9 А-сынып оқушылары Нұрбике,Ақмоншақ,Назерке,Айыасыл,Нұриля,Жанерке ата-анаға арнауларын сахнаға шығып оқыды.Одан кейін видео ролик: Күн демей, түн демей 3 жұмыста жасап баласын оқуға шығарып салып жатқан әке бейнесін тамашалады. "Әке туралы жыр" Орындаған:11 А -сынып оқушысы Сапарбек Мирас. Көрермендерге сұрақтар қойылды.9 А-сынып оқушыларының "Кешір ана" атты көрінісі ұсынылды.Көріністен кейін көрініске байланысты көрермендерге сұрақтар қойылып,талқыланды.

Танымдық сағат соңында директордың

эксперимент ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.

Джексенбаева сөз алып, оқушыларға

ұсыныс, тілектерін айтты.

«Ата-ананың парызын,өтеу-сенің қарызың» атты танымдық сабақ өз

дәрежесінде өте жақсы өтті. Соңында

қатысушы оқушылардан ауызша кері

байланыс алынып, әсем әуенмен аяқталды.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Ерекше білім алу қажеттілігі бар» оқушыларды оқытатын мұғалімдермен 2-ші педагогикалық - психологиялық қолдау қызметінің отырысы өтті.

Мақсаты : 1 - ші тоқсан қорытындысы

Қаралған мәселелер:

1.Бірінші тоқсан бойынша ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың даму динамикасының мониторингін жасау, негізгі пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін бағалау;

2.ЕББҚ бар оқушыларға БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру қағидалары;

3.2 -ші тоқсанға бейімделген жалпы білім беру бағдарламасын бекіту;

Қорытынды:

7 форманың ( 1А, 1Б, 1В, 2А, 2Б, 3, 4, 6, 7, қосымша Б) толтыру деңдейі талқыланып, қанағаттанарлық баға берілді.

Күнделікті сабақ жоспарындағы ЕББҚ ететін балаларға берілетін тапсырмалар қарастырылып, талданды.

2 - ші тоқсанға тапсырмалар берілді.

Әр түрлі мәселелер қарастырылды

2-қазан күні

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде магниттік мектеп білім алушыларының кезекті сессиясы өтуде. Осыған орай 11сынып оқушылары арасында

«Smart» интеллектуалды ойын өткізілді.

Сынып жетекшілері:

Кайбагарова Нұрзада Халық Айшабибі

Өткізілген ойынның мақсаты химия және биология пәніне деген қызығушылықты арттыру,топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,креативті ойлауға үйрету болса,міндеттері:бірлесе жұмыс жасауға баулу,химия және биология пәніне қызығушылықты креативтілікті арттыру және тез ойлау шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды.Ойынға 11сынып оқушыларынан құралған 3топ қатысты.

1.Қыран тобы

2.Білімділер тобы

3.Алғырлар тобы

Ойын 4 кезеңнен тұрды

1.Блиц сұрақтар

2.Ұяшықтар сыры

3.Логикалық сұрақтар

4.Сыр сандық

Шараға директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Джексенбаева Баян Ниятуллаевна,магниттік мектептің ұстаздары,сынып жетекшілері және мектеп білім алушылары тамашалады.

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес "Досбол LIKE"акциясы аясында, өзін-өзі басқару ұйым оқушылары "Менің жан досым"атты сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып,достар арасындағы қарым- қатынасты нығайту.
#біртұтас_тәрбие
@new_tarbie
#тәрбиеалматыоблысы
Мектебіміздің жоғары білімді,педагог-зерттеуші санатты тәжірибелі ұстазымыз, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утарбаева Жадыра Кенжеевна "Әдістемелік қоржын" тақырыбында тәжірибе алмасу коучингі өтті.
https://www.facebook.com/share/p/cDLbydEhKQuo49yj/
Мектебіміздің АӘТД пәні мұғалімі Б.Несипбаев оқушыларға терроризмге қарсы іс-қимылдар және терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен танысырып,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынама
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық — жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл — өмірлеріңізге өте қауіпті.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
9-Б сынып оқушысы Хамитова Амина шығармашыл оқушылар арасында өткен облыстық «Ақберен» өнер байқауында көркемсөз оқу номинациясында 3-орынға ие болды . Жүлдегер оқушымызды және оның жетекшісі Сибанбаева Бағдат Акрамовнаны нәтижелі жетістіктерімен құттықтаймыз!