Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-сынып оқушылары, сынып жетекшілерінің жетекшілігімен Петропавл қаласына экскурсияға барып қайтты. Балалар "Полтергейтс" атты қызықты квест-ойынына қатысып, өздерін көрсетіп, командалық рухты нығайта түсті. Осыдан кейін барлығы кинотеатрға барып, дәмханада бірге түстеніп, сауда орталығында серуендеді. Бұл сапар балаларға жарқын әсер мен қуанышқа толы эмоциялар сыйлап, ұжымды одан әрі біріктіріп, ұмытылмас естеліктер қалдырды!
Бүгін құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында БТЖО Баильдинова Д.С., мектеп психологы Идрисова Н.Б.,әлеуметтік педагог Искакова И.А және Оңтүстік Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы аға лейтенант Ермуханбетов Н.Д. түнгі рейдқа шықты. Түнгі рейд шарасының басты мақсаты - жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы бағытта түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарынында кәмелекте толмаған оқушылардың болмауы.
Мектебімізде 7 «А,Б,Г» сыныптар арасында «Миллионер» зияткерлік ойыны өтті. Оқушылардың ойларын еркін жеткізу, өз бетінше іздену дағдыларын дамытатын, шығармашылық белсенділігін арттыратын бұл ойынға балалар қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Күзгі демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2-сынып оқушылары кинотеатрға «Дикий Робот» мультфильмін көріп, тамашалап қайтты.
Күзгі демалыс уақытында 3 “Б” сынып оқушылар фестиваль кинотеатрында “Менің қиял-ғажайып отбасым” атты мультфильмді тамашалады.
Тәжірибелі ұстаз,шебер-педагог Көшербай Тілектес Серікбайқызы өткізген "Авторлық бағдарлама-мұғалімнің зерттеу тәжірибесінің нәтижесі ретінде" атты коучинг мұғалімдер қауымының қызығушылығын туғызды.
Мектебіміздің педагог-зерттеуші санатты,тәжірибелі, шығармашылыққа жаны құмар ұстазымыз Амантаев Қамбар Утегенович бар "Мұғалім миссиясы" тақырыбында ұстаздпр арасында тренинг өткізді.