Мереке қарсаңында, 24 қазан күні "Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл шарада 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» қатарына, 1-сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды. Салтанатты жиынға ауыл округінің әкімі Турсунбаев Н . Ж. қатысып, мектеп оқушылары мен қонақтарды құттықтады
Біртұтас тәрбие бағдарламаның аясында, Республика күні қарсы алдында "Жас ұрпақ -Тәуелсіздік қорғаны" атты шахмат пен шашкидан мектепішілік лига өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды
Бүгін, Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы күні аясында «Қыран елім-Қазақстан!» атты фестиваль өтті.
Қазақстан Республикасы күні аясында мектеп оқушылары мен ұстаздары «Қыран елім-Қазақстан!» акциясына қатысты.
"Жас Ұлан" ұйымының жылдық жоспарына сәйкес дене шынықтыру мұғалімдері 5-7 сыныптар арасында "Қызықты эстафеталық сайыс" өткізді
Қазақстан Республикасы күні аясында мектебіміздің «Сұңқар» дебат клубының үйірме жетекшісі Шайменова Г. Ш «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті деп ойлайды» тақырыбында дебат өткізілді.мақсаты - қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, шешендік өнерді және қоғамдық-саяси ахуалдың өзекті мәселелері бойынша сөз таластыруды дамыту. Қатысушылар өздерінің көзқарастарын белсенді түрде дәлелдеді, сұрақтар қойды және мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Қазақстан Республикасы күні аясында Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп "Жанашыр жүрек" еріктілерінің қайырымдылық акциясына қатысып жалғызбасты қарттарға көмек беруде
Ақпарат фракциясы сынып жетекшілермен бірлесе отырып "Үздік оқушы", "Жас спортшы", "Мектеп белсенділері", "Өнерлі оқушы", "Қамқор оқушыларды" анықтап, мектепішілік жарнама плакаттары жасалды.