2024 жылдың 24 қазанында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кітапханашысы А.А.Шериязданова Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» атты тақырыпта виртуалды көрмені 1-11 сынып оқушыларына ұсынды.

Мақсаты:

- ҚР мемлекеттік мерекелері туралы мәлімет беру;

- Республика күнінің маңыздылығын ;түсіндіру

- Отаншылдық құрмет құндылығын дарыту;

1. Тәуелсіздіктің Тарихы

Біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Алайда, Республика күні 25 қазанда, яғни 1990 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күнмен байланысты. Бұл декларация еліміздің тәуелсіздігі мен ұлттық бірлігінің бастауы болды.

2. Қазақстанның Жетістіктері

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Экономикалық даму, мәдениет, білім және ғылым саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазақстанның халықаралық аренада да орны зор. Біздің еліміз көптеген халықаралық ұйымдарға мүше, бұл біздің әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан үлесімізді көрсетеді.

3. Ұлттық Рух

Тәуелсіздік күні – патриотизмді арттыру, ұлттық рухты көтеру күні. Біздің әрқайсымыз елімізді сүйіп, оның дамуына үлес қосуымыз қажет. Отанымыздың тарихын, мәдениетін білу, оны құрметтеу – біздің борышымыз. Отанымыздың әрбір жетістігі – біздің ортақ жетістігіміз.

"Айтыс-қазақ халқының ұлттық мұрасы

"Айтыс-қазақ халқының ұлттық мұрасы" челленджі

"Төрт тоқсанға -төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында мектебінде Республика күнін мерекелеуге арналған "Ақындар айтысы" жұмыс жоспарына сәйкес 7- сынып оқушыларымен "Айтыс - қазақ халқының ұлттық мұрасы" тақырыбында ұлттық құндылықтың мәнін ашу негізінде ой қозғау мақсатында таным сағаты өткізілді.

Мақсаты: Айтыс өнері туралы айту; "Айтыс" сөзінің мәнін түсіну, адами құндылықтарды бойларына сіңіру.

Ой қозғау жүргізген: Сеитова Г.Г.

Тақырыбы: "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты кітапханаға саяхат

Күні: 24.10.2024 ж.

Іс-шара: Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым ордасы. 24-қазан Кітапханашылар күніне орай 1 сынып оқушыларына "Кітап - сарқылмас рухани қазына" атты кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.Оқушылар кітапханамен таныстырылып, ережелері үйретілді. Оқушылар өздеріне ұнаған кітаптармен танысты.
Мақсаты: Оқырман санын арттыру, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру.
Өткізген: Кітапхана меңгерушісі -Ахметжанова А.Г. Сынып жетекшілер- Ниеткалиева А.Д.,Медет Г.

https://www.instagram.com/reel/DBfvexDCMX_/?igsh=MWE1aTFzcGZvbjRhNQ==