Мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстандық партиотизмді қалыптастыру аясында, сондай-ақ қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтау, ұлттық киімді насихаттау және әйгілендіру мақсатында, Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа жыл қарсы алдында «Ұлттық киім күндері» челленджі ұйымдастырылды
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары "Отбасымен сэлфи" челленджіне қатысты.
Оқушыларды сыпайы сөйлеуге, адамдармен әдепті қарым-қатынас жасай білуге, инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттерінің негізгі арқауы екендігін үйрету мақсатында "Бақыт фракциясы" жетекшісі Ибраева Данельдің басшылығымен "Әдеп - ең асыл мирас" тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өткізілді.
Қауіпсіз Жаңа жыл! Қысқы демалыста оқушылардың қауіпсіздік техникасы және мінез-құлық ережелері" ата-аналар жиналысы өткізіліп, қауіпсіздік нұсқаулық өткізілді.
Қысқы демалысты пайдалы өткізу мақсатында кітап оқу челленджі ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу - бұл әрқайсымыздың күш-жігерімізді қажет ететін күрделі, бірақ қажетті процесс. Азаматтар ретінде біз қоғамымыз үшін жауаптымыз және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әділ және гүлденген қоғам құрудың ортақ мақсатымыздың негізгі элементі болып табылады. Өскелең ұрпақтың санасында осы ұғымды қалыптастыру мақсатында "Адал ұрпақ" клубының жоспарына сәйкес "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.