2025 жылғы 06 қаңтар күні Павлодар облысының білім беру басқармасы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі базасында «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының өңірлік кезеңін өткізді.

✅26,27 желтоқсанда “Қош келдің,Жаңа жыл” 🐍атты
1-11сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық мерекелік ертеңгілік пен “Жаңа жылдық кеш”ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа жылдық ертегі әлеміне саяхат жасау болды.

2025 жылдың 5 қаңтарында Тірек, магниттік және серіктес мектеп мұғалімдеріне арналған "Мұғалімдер үшін сын тұрғысынан ойлаудың маңызы"атты семинар өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты — сын тұрғысынан ойлау концепциясын мұғалімдердің күнделікті оқыту тәжірибесіне енгізу. Сонымен қатар, мұғалімдерге сын тұрғысынан ойлау әдістемелерін тиімді пайдалану және оқушыларды осы дағдыға баулу жолдарын көрсету.

19.12.2024 ж күні облыстық бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңі бойынша қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қорытындысын шығарды.
Нәтиже бойынша:
2 - ші сыныптар бойынша : І орын:
2 «Ә» сынып оқушысы Смағұл Жантілек;
ІІ орындар:
2 «Ә» сынып оқушылары Тұрсынбаева Жадыра, Ерсайын Айзере, 2 «а» сынып оқушылары: Кулманова Мариям, Армақызы Нұрсая, Асхатқызы Кәусар;
2024-2025 оқу жылында ғылыми -әдістемелік жұмыстардың жылдық іс -шаралар жоспарына сай 16.10.2024 ж күні мектепішілік "Сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер және оқыту тәсілдері" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға ауыл мектептерінен( №6 ЖББМ, Құрық мектеп -гимназиясы) жас мамандар мен мектебіміздің мұғалімдері қатысты. Семинар бастауыш сыныптар бойынша математика және ағылшын тілі, орта буында қазақстан тарихы мен биология пәндері бойынша ашық сабақтармен бастау алды.
Ашық сабақ берген мұғалімдер: Косымбаева Орынша Лабақбайқызы, Кайбалдиева Бибігүл Ильдарқызы, Оңдасынов Алишер Бақытқалиұлы, Сағынова Камшат Бисенбайқызы.
Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Балалар кітапханасы» бағдарламасы және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 2024-2025 оқу жылының 30 желтоқсан – 8 қаңтар аралығындағы Қысқы демалыс кезіндегі оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп кітапханашысы Г.Урунбасарова 2-4 сынып оқушылары арасында