Меню KDT

Новости

Главная Новости

19.09.2024

біртұтас_тәрбие

Мектеп ұжымы ауылдық кітапханасы мен бірлесе “Елбасы Жолдауы - халықтың қолдауы” атты ақпарат сағатын ұйымдастырды.

Мақсаты: Жолдауда көрсетілген негізгі нақты мәселелерді шараға қатысушылардың назарына жеткізу.

Президент Жолдауы туралы бейнежазба көрсетілді. Кітапханашы жолдауда айқындалған негізгі міндеттермен таныстырып, Президент Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткіл мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Мектеп ұжымы Президентіміздің жолдауын қолдай отырып, жолдаудағы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда адал қызмет етіп үлес қосатындарын жеткізді.

Бұл Жолдау өте маңызды, өйткені ол мемлекеттің одан әрі дамуы үшін стратегиялық негіз қалыптастырады және ағымдағы сын-тегеуріндерге жауап береді.

Президенттің жолдауы Қазақстанның алдағы кезеңдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына арналған және ол мемлекет дамуының негізгі аспектілеріне назар аударады.

Президент Жолдауында белгіленген негізгі бағыттардың бірі демократиялық институттарды нығайту және Мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру жөніндегі реформаларды жалғастыру болды. Кітапханашы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы кері байланыс тетіктерін енгізу арқылы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

19.09.2024

Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Әдеп” күніне арналған“Мектепте жүру әдебіне” байланысты видеоролик түсірді.

Мектебімізде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Әдеп” күніне  арналған“Мектепте жүру әдебіне” байланысты видеоролик түсірді.

19.09.2024

“Қауіптің алдын алу және салдарын азайту”

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тероризмге қарсы орталығы Штабы ұсынған “Қауіптің алдын алу және салдарын азайту” тақырыбындағы видео материалы мектеп қызметкерлері мен оқушыларына көрсетіліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді. #біртұтас_тәрбие

19.09.2024

АСТАНА ҚАЛАСЫ «№ 43 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП-ОРТАЛЫҒЫ» ШЖҚ МКК БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ЛАУАЗЫМДЫҚ ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

«№ 43 қосымша білім беру мектеп-орталығы» ШЖҚ МКК

Мекен-жай: Астана қаласы, Мичурино т/а, Бастау көшесі,2

Пошталық мекен-жайы: Z01A7D5 (010000) Мичурино т/а, Бастау, 2

Электрондық мекен-жайы:

shkola43@mail.ru

Телефон номері: 8(7172)298393