Бүгін, 14.10.24 Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебінде "Рахымжан Қошқарбаев. Рейхстагқа тігілген ту" атты бірыңғай сынып сағаты өтті.
"Адал ұрпақ" еріктілер клубының қазан айына құрылған жоспары бойынша 5-10 сыныптар арасында "Жемқорлықсыз әлем" тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.

1 қыркүйектен бастап мектепте 1-10 сынып оқушылары үшін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

1-4 сынып оқушыларының 26-ы және орта буын оқушыларының 12-і бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтанады. Аспаз Хамитова Э. Б. мектеп оқушыларына дәмді үй кеспесін, балық котлеттер, көкөністермен бұқтырылған ет, ет тефтелдері және т.б. тағамдарын дайындайды

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Еңбекқорлық және кәсіпкерлік" айы шараларын өткізу мақсатында оқушылардың денсаулығын нығайту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу және таза ауада белсенді демалысты насихаттау үшін мектеп оқушыларымен күзгі саябаққа серуенге шықты. Серуен барысында оқушылармен спорттық ойындар, ән, би ұйымдастырылды.
"Психологиялық денсаулық" онкүндігіне байланысты. Мектеп қабырғасында 5-6 сынып оқушыларымен "Эмоция күні" ациясы өткізілді.
Республика күнін мерекелеу шеңберінде 1-10 сынып оқушылары үшін "Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!" атты сынып сағаттары өткізілді

Тақырыбы: «Кел,балалар,оқылық!» атты 20 минуттық кітап оқу жобасы

Күні: 21.10.2024 ж.

Іс-шара: “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында құрылған “Кел,балалар,оқылық!” атты 20 минуттық кітап оқу жобасы бойынша алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімі Бахтыбек Тоқсанұлы 10-11 сынып оқушыларына биыл 100 жылдығы аталып өтіп жатқан Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен қазақ елі үшін жасалған ерлігі жайлы баяндап, келе жатқан Республика күні үшін бұл еңбектердің маңызын атап өтті. Оқушыларды ата-бабаларын үлгі тұтып, олар жайлы кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.
Пән мұғалімі: Райымбеков Б.Т.

https://www.instagram.com/reel/DBaegw6imRQ/?igsh=b3M5ZHExOTByemY0