Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.10.2024

#біртұтас_тәрбие #алтын_күз

14.10-18.10.24 аралығында Қарағаш орта мектебінде
«Күзгі сыйлар» тақырыбында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Қолөнер көрмесіне КПП, 1-4 сынып оқушылары белсенді қатысты

18.10.2024

«Балалар және театр»

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын, «Балалар және театр» жобасын жүзеге асыру аясында 3 сыныптарға арналған «Күз ертегісі» мерекесі өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты – сұлулыққа деген сүйіспеншілікті, табиғатқа, Отанға деген махаббатты, эстетикалық дәмді дамыту, қарым-қатынас дағдыларын, жасөспірімдердің шығармашылығын, балаларға жағымды эмоциялар жасау, мерекелік көңіл-күйді дамыту болды. Іс-шара жоспарланған сценарий бойынша
өткізілді. Мереке мектептің акт залында өтті. Аталған іс- шараға барлық оқушылар белсенді қатысты. Әндер орындап, өлеңдер оқыды,би биледі. Олар күз мезгіліне арналған мақал-мәтелдер айтты, шашыраңқы жапырақтарды жинады, сондай-ақ көңілді сайыстар мен ойындарға қатысты. Мереке соңында оқушыларды тәтті сыйлықтар күтіп тұрды. Іс-шара барысында қойылған мақсаттар сәтті өтті. Осы іс-шарадан балалар мен мұғалімдер оң көңіл-күй алды. Мерекелік шараға 100-ден астам оқушы қатысты.
Сынып жетекшілері: Мукашева Ш. Д., Алгазина Ж.А., Баяхметова З.С., Шремзер В.Р., Карпукова Н.В.

18.10.2024

Мектеп Президентін бірге таңдайық!

Мектеп Президентін бірге таңдайық!

18.10.2024

#біртұтас_тәрбие #берекелі_алтын_күз "Күзгі асар" атты күзгі жәрмеңке./ Ярмарка" Күзгі асар"

18.10.24 мектебімізде оқу- тәрбие жоспарына сәйкес, "Күзгі асар" атты күзгі жәрмеңке өтті
Балалар өз қолдарымен жасаған қолөнер өнімдерін, әр-түрлі кәдесыйлар және пісірген бәліштері мен дәмді нандарын әкелді. Іс-шара кезінде қатысушылар ерекше көңіл-күйіде болды, мереке мен бірлік атмосферасын сезінді.

18.10.2024

Жыл сайын өтетін дәстүрлі "Мектеп президентін" сайлау науқаны да өз мәресіне жетті.Сайлауға 222 оқушы қатысты.Оқушылар асқан жауапкершілік танытып,бірде -бір оқушы сайлаудан тыс қалған жоқ, яғни 100% пайыз қатысты.Бұл-оқушылардың мектеп өміріне бей-жай қарамай,қызығушылық танытатынының бірден -бір куәсі еді.Сайлау қорытындысын шығаруда ата-аналар комитетінің төрайымы,өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері және аға тәлімгер қатысты. Үміткерлер Комис Жасұлан Дәлелханұлы мен Еслямбек Марлен Айбынұлының екеуі де мықты қарсыластар еді.117 дауыс басымдықпен Еслямбек Марлен Айбынұлы мектеп президенті болып сайланды. 98 дауыс жинаған Комис Жасұлан Дәлелханұлы Ұланбасы болып тағайындалды. 7 бюллетень жарамсыз деп танылды.Мектеп президенті мен Ұланбасы өз бағдарламаларында атап өткендей өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандырып,мектеп өміріне тың өзгерістер әкеледі деп сенеміз.Сәттілік!

18.10.2024

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы

18 қазан күні лицей-мектеп кітапханасында 7 «В сынып оқушыларына қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған, жазушының шығармалары желісі бойынша түсірілген кинофестиваль өтті. Өмірі мен шығармашылығын таныстырып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында, «Шоқтығы биік дара тұлға» атты кітап көрмесі қойылып,«Балалық шаққа саяхат»атты әр фильмдерден үзінді көрсетілді. Оқушыларға әсіресе “Жекпе жек” шығармасы бойынша түсірілген”Чемпион” фильмі қатты ұнады.

18.10.2024

Құттықтаймыз!

2 «В» сынып оқушысы Манарбек Аяулым қалалық «Жаманбалинов оқулары» конкурсында Бас жүлдені жеңіп алды. Құттықтаймыз!
Жетекшісі: А.Т. Малгождарова