<strong> «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты ІІІ</strong><strong> облыстық форумы</strong>
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8-сынып оқушылары, сынып жетекшілерінің жетекшілігімен Петропавл қаласына экскурсияға барып қайтты. Балалар "Полтергейтс" атты қызықты квест-ойынына қатысып, өздерін көрсетіп, командалық рухты нығайта түсті. Осыдан кейін барлығы кинотеатрға барып, дәмханада бірге түстеніп, сауда орталығында серуендеді. Бұл сапар балаларға жарқын әсер мен қуанышқа толы эмоциялар сыйлап, ұжымды одан әрі біріктіріп, ұмытылмас естеліктер қалдырды!
Бүгін құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында БТЖО Баильдинова Д.С., мектеп психологы Идрисова Н.Б.,әлеуметтік педагог Искакова И.А және Оңтүстік Полиция бөлімінің учаскелік инспекторы аға лейтенант Ермуханбетов Н.Д. түнгі рейдқа шықты. Түнгі рейд шарасының басты мақсаты - жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын-алу. Осы бағытта түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орындарынында кәмелекте толмаған оқушылардың болмауы.