Жаратылыстану - математика бағыты апталығында 5 сынып оқушылары арасында Тания Ахметовна мен Аяулым Бакытжановна ұйымдастырған “Aqyl Battle” интеллектуалды ойыны өткізілді. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, олардың логикалық ойлау, шығармашылық және командалық жұмыс дағдыларын арттыру болды.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды:

1. Танымдық сұрақтар – жалпы білім саласына қатысты түрлі сұрақтар қойылып, оқушылар жауап берді.
2. Логикалық тапсырмалар – әртүрлі математикалық және логикалық жұмбақтар шешілді.
3. Кроссворд және ребустар – оқушылар кроссвордтар мен ребустар шешіп, жылдамдық пен ақыл-ойды қолданды.
4. Командалық жарыс – топтық жұмыстарда командалар бірге ойланып, өзара пікір алмасты, әрқайсысы өз білімдері мен идеяларын ортаға салды.

Ойынның қорытындысы бойынша ең жоғары ұпайды жинаған команда жеңімпаз атанды
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы » аясында 09.10.2024ж мектебімізде Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл толуына орай 2 сынып оқушылары Бердібек Соқпақбаевтың өлеңдерін оқып, өмірбаянына шолу жасады. Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.
Мектебімізде бүгін Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес «Алтын күз» тақырыбында 3 сыныптар арасында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу Оқушылар түрлі дәнді-дақылдар мен жеміс-жидектерден керемет туындылар жасап, өз өнерлерін ортаға салды. Табиғаттың ерекше күйге еніп, алтын түске боялған шағын ерекше бейнелеген мереке көңілімізге жақсы әсер қалдырды
Павлодар қаласының ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Т. Конаков 7-8 сынып оқушылармен отшашулар мен пиротехникалық өнімді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік туралы жарақаттар мен басқа қауіптердің, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, сонымен қыс мезгілінде, қар мен мұзда белсенді ойындар әртүрлі жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін сондықтан қауіпсіздік туралы әңгіме жүргізді.

Амангелді атында орта мектебінің

8 «а» сынып жетекшісі Кошаметова Г. А. «Тәуелсіздік - теңгесі жоқ байлығым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Қазахстан Республикасының Тәуелсіздік күні тарихи маңызын түсінуге ықпал ету, Тәуелсіздіктің қәдірін білуге, оны қорғауға, еліміздің өркендеуіне үлес қосуға тәрбиелеу.