Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ-нің кітапханасының оқу залында 2026 жылдың 4 қыркүйек күні «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында және Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Айнаш Жанатауова Құспанқызы қазақ тілінің тарихы, ана тіліміздің қадірі және қазақ әліпбиі , әрі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері туралы насихаттады, оқушылар тіл туралы мол мағлұмат алып, рухани қазынамызбен жақын танысып тарқасты.

#ТІЛДЕР_МЕРЕКЕСІ

Отбасы күніне орай «Отбасым – қорғаным, ата-анам – тірегім»

Мақсаты:

Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, дене белсенділігіне қызығушылығын арттыру және дұрыс әдеттерді қалыптастыру.

Іс-шара барысында:

* «Денсаулық – зор байлық!» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары;

* таңғы жаттығу және сергіту сәттері;

* спорттық эстафеталар мен қимылды ойындар;

* «Денсаулыққа пайдалы 5 әдет» тақырыбында қысқаша әңгіме;

* дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасы туралы кеңестер;

* оқушылардың денсаулық туралы ой-пікірлерін ортаға салу ұйымдастырылады.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2026 жылдың 1 қыркүйек Білім күні мерекесіне орай, жаңа оқу жылына арналған " Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі " атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты шараға «Мансап» орталығы» мекемесінің директоры Омбаев Ержігіт Тоқтасынұлы қатысты.

Салтанатты жиынды мектеп директоры Султанова Махаббат Тулегенқызы ашып, қатысушларды мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Әрі қарай іс - шарада мектеп оқушылары өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сыныпқа келген бүлдіршіндерімізге берілді. 1 қыркүйек - әрбір оқушы,әрбір ата-ана үшін ерекше әрі қуанышты күн. 2026-2027 оқу жылына толағай табыстар тілейміз!

Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында КММ «Червонная орта мектебінде» Қазақстан халқы тілдері онкүндігін ашуға арналған салтанатты жиын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту мен тереңдету, ана тіліне деген құрметті қалыптастыру және мектеп оқушылары арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Отбасы күнін мерекелеу аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар отбасының әр адамның өміріндегі маңызы туралы әңгімелесіп, отбасылық құндылықтар, өзара түсіністік, қамқорлық пен қолдаудың маңызын талқылады. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, тақырыптық сұрақтарға жауап беріп, отбасын берік әрі бақытты ететін құндылықтар туралы өз ойларымен бөлісті.

#Адал_азамат

Облыс прокуратурасы білім басқармасымен бірлесіп " Құқық бұзушылықтар- дың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында облыстық ата - аналар онлайн- жиналысын өткізді. Сарапшылар мен ата-аналардың назарында ең өзекті мәселелер болды: киберқауіпсіздік: баланы зиянды мазмұннан қалай қорғауға және интернеттегі заңсыз әрекеттерге қатысуға болады. Құқықтық сауаттылық: кәмелетке толмағандардың жауапкершілігінің негізгі аспектілері және олардың қалыптасуындағы отбасының рөлі. Қорқытудың алдын алу: егер бала мектепте немесе желіде қорқытуға тап болса, ата-аналарға арналған әрекет алгоритмі. Қауіпсіз орта: көшеде, қоғамдық көлікте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыс ережелері. "Біздің басты міндетіміз — жазалау емес, алдын алу. Ата — аналар, педагогтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді диалог — әрбір баланың қауіпсіздігінің негізі", - деп атап өтті кездесу спикерлері. Барлық ата-аналарға белсенді қатысқаны және талқылауға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтамыз. Жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!