Меню KDT

Новости

Главная Новости

24.09.2024

«Эмоциялар дөңгелегі» тақырыбында тренинг

<p>24 қыркүйекте бесінші сыныптар арасында мектеп психологы Сапаргалиева А.Б. және әлеуметтік педагог Турлыбекова Г.Х.  «Эмоциялар дөңгелегі» тақырыбында тренинг өткізді. Қатысушылар өздерінің ең жақсы қасиеттерін қабылдау және жағымсыз сезімдерден хабардар болу маңыздылығын білді. Біз жағымсыз эмоцияларды жағымды тәжірибеге айналдыруға көмектесетін әдістерді талқыладық, сонымен қатар сезімдер арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын білдік. Бұл тренинг балалардың эмоционалдық дамуы мен өзін-өзі тануына маңызды қадам болды.</p>

24.09.2024

"Менін мектебім буллингке қарсы"

<p>"Менін мектебім буллингке қарсы" такырыбы аясында мектеп психологы жене мектеп парламенті атынан бейнеролик. Буллинг - бұл жай сез немесе іс-ерекет емес - бұл уакыт өткеннен кейін кеп уакыт бойы адамдарда қалатын азап. Бірге тұрып, бір-бірімізді қорғайық. Мектепте ешкім өзін жалғыз немесе кауіпсіз сезінбеуі керек. Мейірімділік, кұрмет пен қолдау өшпенділіктен күштірек әлем жасайық. мектептерді барлық балалар үшін кауіпсіз жерлерге айналдырайық.</p><p> </p>

24.09.2024

#Біртұтас_тәрбие

Әр дүйсенбіде мектеп сыныптарында айтылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны – бұл тек қана формальдық рәсім емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілікпен мақтаныш сезімін сіңіруге бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара. Ұранды бірге айту оқушылар мен мұғалімдердің арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтады, бірлік пен татулық атмосферасын қалыптастырады.

24.09.2024

#Біртұтас_тәрбие "Мектеп формасы"

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары үшін бірыңғай форма енгізілді. Ата-аналар жиналысының шешімімен, форманың түсі көк түс болып бекітілді. Көк түсті мектеп формасы – білім ордасының бейнесін толықтыратын міндетті атрибут. Мектеп ережесін сақтау – тәртіптің нышаны және мектепке деген құрметтің көрінісі. Мектеп ауласында ілінген хабарлама тақтасының басты мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға мектеп формасы туралы толық ақпарат беру.