Мектептегі қауіпсіздік ережелерін үйрену білім беру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы ережелерді білу жазатайым оқиғалар мен жарақаттардың алдын алуға көмектеседі, ықтимал қауіптерден қорғайды және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ықпал етеді.

13 қыркүйекте «Ю. Гагарина атындағы № 14 орта мектепте» 5-11 сыныптар арасында "Мектептегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында бейне дәрістерге шолу ұйымдастырылды.

Балалар оқу орнындағы тәртіп ережелері туралы білімдерін бекітті

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы қауіпсіздік, заң және тәртіпті сақтау мақсатында «Жасөспірім» науқаны бойынша бірыңғай құқықтық білім күні өтті.
2024 жылдың 16 қыркүйек күні 6 “А” сынып оқушылары «Біз әлемді тазалаймыз» дүниежүзілік экологиялық акциясына белсене қатысты. Аталмыш акция мақсаты - оқушыларды табиғатты аялауға тәрбиелеу, оны таза ұстауға баулу.
Сынып жетекшісі: Каппаева Б.А.
⚜️Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 17.09.2024-05.10.2024 ж. аралығында өтетін «Ұстазға алғыс» атты челленджге қатысуға шақырамыз! Бұл челлендж – ұстаздарымызға деген құрметімізді білдірудің ерекше мүмкіндігі.
🔖Ұстаздарға деген ризашылығыңызды білдіріп, шығармашылығыңызды танытыңыз!
16 қыркүйекте жеке тұлғаның табысты әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және балалардың психикалық және физикалық денсаулығын сақтау шеңберінде мектеп ортасында буллингтiң алдын алуға бағытталған сынып сағаттары өткізілді.