Оқушыларды ойын түрінде еңбек пәндері бойынша кәсіптердің жіктелуімен таныстыру...
<p>Қыркүйектің 15-ші күні тойлаған осы аналар күнінде барша аналарға шексіз махаббаты мен қолдауы үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздерді мектеп парламенті атынан аналар күнімен құттықтаймыз! Біздің болашағымызға инвестиция салып жатқан қажырлы еңбегіңіз бен шыдамдылығыңызды бағалаймыз. Әр күніміз қуанышқа, шаттыққа, толы болсын. Біз үшін жасаған барлық істеріңіз үшін рахмет!</p>
<div>"Біртұтас тәрбие" тәрбиелік бағдарламасы аясында. Қыркүйек айы-Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық айы! Еңбек тәрбиесі-бұл балалардың шығармашылық ойлауын, еңбекке деген сүйіспеншілігін және Еңбекші адамдарға деген құрметін дамыту үшін балаларды әлеуметтік пайдалы еңбектің әртүрлі түрлеріне тартуға көмектесетін жүйелі процесс.</div><div>13 қыркүйекте "Ю. А. Гагарин атындағы № 14 орта мектебі" КММ-де мектеп аумағын абаттандыру үшін сенбілік өткізілді, оған 6-11 сынып оқушылары қатысты! Балалар мұғалімдерімен және тәлімгерлерімен ынтымақтаса отырып, бір-біріне еңбекқорлық пен құрмет көрсетті және ұжымда жұмыс істей отырып, мектептің өркендеуіне шағын үлес қосты.</div>