2005-2018 жж аралығында мектепте басшы қызметін атқарған Марғұлан мектебінде тұнғыш Әлкей Марғұлан музейін ашқан Іргебай Ербол Ісләмұлын еске алуға арналған футзалдан турнир болып өтті.
2024 жылдың 11 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы 40 мектеп-лицейінің оқушылары “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 10 сынып оқушылары кезекті сенбілікке шықты.
2024 жылдың 10 мамыр күні академик Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай мектебімізде салтанатты жиын өтті
2024 жылдың 04 мамыр күні «Сабақты зерттеу: жетекші және серіктес мектептердің жаратылыстану пәндерін оқытудағы жаңашылдықпен жұмыс» тақырыбында жетекші және серіктес мектептердің бірлесуімен қалалық семинар өтті.
Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бүгін күздің соңына дейін балалар мен ересектерді сұлулығымен қуантып тұратын мыңнан астам түрлі-түсті гүлдер отырғызылды.
#Біртұтас тәрбие<br />#Париж 2024<br />16.05 күні мектебімізде “2024 жылғы Париж олимпиадасының басталуына 100 күн” атты акция аясында “Қазақтың ұлттық спорт түрлері” тақырыбында іс шара өткізілді. <br />Мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау арқылы мәдени-патриоттық тәрбие беру.