"Ертегілер әлеміндегі сыбайлас жемқорлық" театрлық қойылымы
Мақсаты: балалардың адалдық пен шынайылық туралы түсінігін кеңейту.
Міндеттері: "адалдық", "мейірімділік"ұғымдарының мағынасын ашу.
Әр түрлі өмірлік жағдайларда адамдардың мінез-құлқын объективті бағалау қабілетін дамыту.
Өз ойларының, сөздерінің және іс-әрекеттерінің тазалығы үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.

2024 жылғы 6 мамырда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес «Оқу процесінің тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.

Спикерлер оқу процесінде «Өнімді оқу технологиясын», «Бастауыш сынып сабақтарында көрнекіліктің тиімді әдістері», «Кіші мектеп білім алушыларының оқу сауаттылығы дағдыларын қалыптастыруда ойын технологияларын пайдалану» бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

Қауымдастық мүшелері 1-4 сыныптарға арналған әдебиеттік оқудан өнімдік тапсырмалар жинағымен таныстырды.

Педагогтің заманауи технологияларды жүйелі түрде қолдануы білім алушылардың қызығушылығын оятып, оқу үдерісіне баулиды, уәжін және оқыту сапасын арттырады.

Бүгін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 5 «А», «Д» сыныптары Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» әңгімесінен үзінді қойып, сұрақтарға жауап берді.