20-21 сәуір күндері Түркия елінің Анталия қаласындағы халықаралық "Rootex-2024" роботехника сайысынан 10-сынып оқушылары Мақсатұлы Нүркен мен Амантурлы Исатай жетекшісі Кабакова Гулима жүлделі 3- орынға ие болды.
Біздің мектеп ұжымы "Таза Қазақстан" республикалық акциясына қатысты.
«Терроризмге жол жоқ!»<br />2024 жылғы 22 сәуір күні 1 сынып жетекшісі Базарова А.Е. және 4-сынып Есенов Д.У. оқушылар арасында «Терроризмге жол жоқ» тақырыбында әңгіме өткізді.
Сенбілік-тазалық кепілі."Сулыкөл бастауыш мектебі" КММ 22.04.2024 жыл сенбілік өткізілді.
Учаскелік инспектор С.С.Афанасенкомен бірлесіп, 5-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, темек шегудің, вейп пен алкогольдің алдын алу, сондай-ақ білім алушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтау және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орындарда және ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін болуына назар аударылды
<p>Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған іс-шаралар аясында "Гусаков орта мектебі" КММ-де 9,10 сынып оқушыларына арналған "Алтын Орда және оның мұрасы" атты дөңгелек үстел өткізілді.</p>
Мектепке дейінгі білім беру онкүндігін өткізу шеңберінде балалардың көктем және табиғаттағы өзгерістер туралы бұрын алған білімдерін бекіту мақсатында "Көктемгі саяхат" атты сөйлеуді дамыту бойынша ашық сабақ өткізілді.