Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

ГАММА-ИНТЕРФЕРОННАН ФИТАЗАҒА ДЕЙІН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ИМПОРТ АЛМАСУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

ГАММА-ИНТЕРФЕРОННАН ФИТАЗАҒА ДЕЙІН – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ИМПОРТ АЛМАСУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Елдің ғылыми потенциалының болашағы жеке сектормен тығыз байланысты екені белгілі. Алайда бұл байланыстың нығаюы жолында қандай тер төгілетінін әркім біле бермейді. Бүгінгі әңгіме Білім министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің баса назар аударып, аса ден қойып отырған саласы – ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландыру (ҒТҚНК) жөніндегі заңды жүзеге асыру және қолдауды Ғылым Қоры тарапынан гранттық қаржыландыру жайы болмақ. 2016 жылы 25 жоба қаржыландырылған. (бұл жайында толығырақ Қоры президенті Әнуарбек Сұлтанғазинмен болған сұқбаттан біле аласыздар http://bit.ly/2KgKwCY). 2017 жылы бұл көрсеткіш 71-ге жетті.

Бірқатар жобалар өндіріске жіберіле бастады. Бұл – жас ғалымдарға өз жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Байқаудың негізгі талабы да осыны көздейді. Ол бойынша ҒТҚНК тобында магистранттар мен докторанттар болуы керек. Әңгімемізді осы топтағы талантты жас ғалымдардың бірі жайында өрбітсек.

Биотехнология Ұлттық орталығының (БҰО) генетика және микроорганизмдер биохимиясы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Мұсахметов Арманмен таныстыра кетейік. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін үздік бітірген ол қызметін Биотехнология ұлттық орталығында бастап, сол жерде жұмысқа қалып, бірнеше ғылыми жобаға бірден кіріскен. Қазір Арман «Биология» мамандығы бойынша PHD докторлығы жолында білім алуда. Фитаза өндіру жобасында еңбек етіп жатыр. (құстарға арналған жем ферменті).

Біз әңгімемізді ғылым Қорының 256 млн теңге грантын жеңіп алған осы жобадан бастадық.

Сұрақ: Арман, сұқбатымызды жобаны жүзеге асыру мерзімінен бастасақ?

Арман: Жемге арналған фитаза қоспасын өндіру жөніндегі жобамыз 2017 жылы басталып, үш жылға жоспарланған. 2019 жылға қарай технологиялық желіні іске қосып, ферментті өндіріске дайындауды жоспарлап отырмыз.
Фитаза – органикалық фосфорды ыдырататын фермент. Яғни ол құстардың ас қорытуын жақсартып, салмақ қосуына септігін тигізеді. Құстардың жеміне осы ферментті қосу жайлы идеяны мен ойлап тапқан жоқпын. Бұл әдісті өткен ғасырдың ортасында-ақ пайдалана бастаған. Фитаза құс фабрикаларына ғана емес, шошқа, балық шаруашылығында да пайдалы. Біздің қосқан жаңалығымыз – фитазаның соңғы буынын ұсынғанымыз. Ол - құрама жемге қосатын биологиялық белсенді заттарға қойылатын заманауи талаптарға сай келеді. Атап айтқанда:
- Құстардың асқазан-ішегінде жақсы сіңеді;
- коферменттер секілді қосымша заттарды қажет етпейді;
- қауіпсіз және артық қабылдап қойған жағдайда уланбайды.

Біздің жобаның міндеті – фитаза өндірісін жолға қою. Төртінші тоқсанда нарыққа дайын препарат шығаруды жоспарлап отырмыз. Келесі кезең – өндірістің көлемін ұлғайту. Дегенмен, бұны құрама жем шығарумен айналысатын ірі зауыт жанынан ашқан дұрыс.

Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің жоба Қазақстандағы ферментті препарат шығаратын тұңғыш ғылыми жоба болмақ. Әрі отандық биотехнология үшін оң үлгі.

Сұрақ: Фитаза өндірудің экономикалық жағынан тиімділігі қаншалықты?

Біздің есебіміз бойынша, өндіріс іске қосылғанда біздің фермент Қазақстанда сатылып жатқан аналогтарынан 30-50%-ға арзан болады. Ісіміз оңға басады деп ойлаймыз. Себебі өніміміз тек қазақстандық шикізаттан жасалады.
Екінші ерекшелігі – біз ойлап тапқан технологияның әмбебаптығы. Болашақта оны жем-шөп пен тамақ өнеркәсібіндегі кез-келген ферментті препарат жасау үшін пайдалануға болады.

Сұрақ: Сіздің өніміңіздің шет елдік аналогтары да бар шығар?

Біздің фитазаның шет елдік аналогтары болғанмен, ол ісімізге кедергі емес. Керісінше, құс өсірушілерге біздің фитазаның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ал жем-шөп дайындау цехындағы технологтар жемге қосатын ферменттің мөлшерін есептеп екі жұмыс істемейді.

Сұрақ: Сіздің жобаңызда қанша адам жұмыс істейді?

Жоба бойынша 7 адам жұмыс істейді. Бұл – біздің зертхананың тең жартысы. Ғылыми қызметкерлермен қатар коммерцияландыру жөніндегі маман да бар. Бізде ғылыми жақтан да, технологиялық жақтан да сан алуан міндеттеріміз бар. Көп уақытымыз сатып алу шаруаларына кетеді. Оны шетінен біртіндеп шешіп отырамыз.

Сұрақ: Зерттеу қайда жүргізіледі?

Фитазаның тиімділігі мен қауіпсіздігіне зерттеу БҰО зертханасындағы сынақ жасалатын егеуқұйрықтарға жүргізілді. Оларға фитазаның ең максимал дозасын енгізіп, улану деңгейін анықтадық. Сынақ барысында патологиялық өзгерістер байқалмады. Штамм-продуцентті Алматыдағы «Нутритест» ЖШС-те сынадық. Компанияның мұндай жұмыстарға лицензиясы бар. Біздің штамм толық қауіпсіз екенін растады.

Бізде бактериалды фитазаның тиімді штамм-продуценті бар. Өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін біз қазақстандық щикізаттан бірегей нәрлі қоспа дайындаймыз.

Сұрақ: Байқауға қатысып, Қор грантын ұтып алу жайлы идея қалай пайда болды?

Қазақстандағы құс шаруашылығы жоғары қарқынмен дамып келеді. Әзірге ферментті препараттар шығаратын қандай да бір өндірісіміз дайын тұрған жоқ. 2016 жылы Қор жариялаған байқауға қатысуға бел будық. Байқаудың барлық кезеңдерінен өтіп, 256 млн теңге қаржыға қол жеткіздік. Бұл жобаның мұнымен қатар 2 млн теңгені құрайтын ортақ қаржысы да бар. Біздің есебіміз бойынша, ісіміз оң болып, өндіріс іске қосылса жоба өз шығынын 5-7 жылда ақтай алады.

Қорға алғысымыз шексіз. Олар қаржыландырумен қатар, ғылыми жобаларды коммерцияландыру, патенттеу, тапсырыс берушілермен, тұтынушылармен қарым-қатынасты жолға қою жөнінде семинарлар да өткізіп отырады.

Сұрақ: Тағы қандай жобаларыңыз бар?

Менің ғылыми еңбегімнің тағы бір нәтижесі – БҰО мамандарымен бірлесіп істеген биомедицина саласындағы жобам. Жобаның ресми атауы: адамның рекомбинантты гамма-интерферонына қол жеткізу. Қарапайым тілмен айтқанда, БҰО мамандары вирусқа қарсы тиімді препарат жасап шықты. Біз адамның рекомбинантты гамма-интерфероны штамм-продуцентін патенттеп, оны ағзадан анықтап, шығару әдісін жасадық. Жоба нәтижесімен магистрлік диссертациямды қорғағанда таныстырдым.

Сұрақ: Зерттеу жүргізіп, қаржыландыру көздерін іздеп жүрген жас ғалымдарға қандай кеңес берер едіңіз?

Ең алдымен жас ғалымдар идеяларын ұсынуға қорықпасын. Иә, елдегі ғылымды қаржыландыру деңгейі мәз емес. Бірақ грант арқылы қаржыландыру, Ғылым Қоры, Дүниежүзілік банк, Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік арқылы ғылыми жобаларды коммерцияландыруға бағытталған жобаларға қаржы бөлу секілді мүмкіндіктерден де құр қалуға болмайды. Біз ғылыми жарияланымдардың саны өскенін байқаймыз. Тек көп еңбектеніп, жаңа мүмкіндіктерге қол созу керек.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц74
  • За неделю20
  • Вчера1
  • Сегодня2
  • Онлайн0