Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

ФИРДАУСИ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ҚЫЗДАРЫ ОРАМАЛДАРЫН ШЕШТІ

Фердауси орта мектебінің бастауыш сыныбында оқитын қыздардың 100%-ы, жоғары сыныпта білім алып жатқан қыздардың 60%-ы орамалдарын өз еркімен шешті. Психолог мамандар олардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеген. Ал, заңға бағынбаймыз дегендердің үйлеріне барып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек мәлімдеді. 

«Мемлекет – мектеп. Дін – мешіт. Мемлекеттік мекемеге дінді тықпалау заңға қайшы! Ешкім қыздарды қинап жатқан жоқ. Өз еркілерімен орамалдарын шешіп жатыр. Қыздарға түсіндірме жұмыстары арнайы психолог мамандардың тарапынан жүргізілді. Білім керек адам, мектеп заңына бағынып осылай мектеп қабырғасына аяқ басады. Қараңғы, оқымаған надандар жұмақты аңсап үңгірде өмір сүруді армандайды. Бүлдіршіндердің болашағы жарқын болсын!» - дейді заңгер.

Сондай-ақ, осы оқиғаның басы-қасында жүрген қоғам белсендісі өзінің Фейсбук парақшасында мәселенің шешімін тапқанына қуанып, орамалын шешкен қыздармен түскен суретін жариялады.

 

«Бүгінгі Фирдауси! Қыздардың 60% орамалы шешілді. Соңғы екі айдағы қызу жұмыстың нәтижесі осындай. Бүгінгі жеңіс! Заң бәрімізге ортақ!» - дейді Айгүл Орынбек.  

Естріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Фердауси ауылындағы орта мектептің басшылығы сабаққа орамал тағып келген оқушы қыздарды мектепке кіргізбеген еді. Оған наразылық танытып, 30 шақты ата-ана мектеп алдына жиналды. Алайда, әкім орынбасары білім және ғылым министрінің мектеп формасы туралы бұйрығына сай, 1 қыркүйектен бастап оқушылардан орамалды шешуді талап етіп жатқанын жеткізген. Аудандық әкімдік арнайы штаб құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

   Аяжан Махамбетқызы


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц74
  • За неделю20
  • Вчера1
  • Сегодня2
  • Онлайн0