Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Студенттерді жатақханаға орналастыруға 15 млрд теңге бөлінеді

Студенттерді жатақханаға орналастыруға 15 млрд теңге бөлінеді

Бес әлеуметтік бастаманың аясында студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында Елбасы ҚР БҒМ 2022 жылға дейін кемінде 75 мың орынға жаңа студенттік жатақханалар құрылысын бастауды тапсырды. Осы мәселені шешу үшін ЖОО, колледждер, МЖӘ қағидаты бойынша девелоперлік компаниялардың жатақханалар салу жұмысын бастауды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 

Елбасы тапсырмасын орындау барысында министрлік жобаны іс жүзінде жүзеге асыруды бастау үшін белсенді дайындық жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда қаржыландыру сұрақтары шешілді. Қолданысқа берілетін жатақханаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін республикалық бюджеттің келесі үш жылдық кезеңіне арналған жобасына 15 млрд теңге қарастырылған. Студенттерді жатақханаларға орналастыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау тәртібі бекітілді. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін реттейтін заңға тәуелді актілер әзірленді. Нормативті актілер жобаларын талқылау мүдделі мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және бизнес қауымдастығы өкілдері қатысуымен өтті.

"ҚР Білім және ғылым министрінің «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын бекіту туралы», «Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау әдістемесін бекіту туралы», «2019 жылға арналған студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы», «Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрықтары мемлекеттік тіркелу рәсімінен өтті" - делінген министрлік таратқан мәліметте.

Бұл нормативті актілер бірінші рет ресми жарияланған уақыттан 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді (бұйрықтар мәтінімен «Қаржы орталығы» АҚ сайтында танысуға болады - www.fincenter.kz). ҚР БҒМ барлық мүдделі тараптарды жобаны іс жүзінде жүзеге асыру аясында белсенді ынтымақтастыққа шақырады. Студенттік жатақханаларды салу бойынша оператор болып ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ белгіленді.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц70
  • За неделю21
  • Вчера1
  • Сегодня0
  • Онлайн0