19-20 қыркүйек аралығында мектептің лаңкестік және террорлық жағдайдың алдын алу жедел тобының құрамы және Төтенше жағдайлар Министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен «Алғашқы көмек» оқу-жаттығулары өтті. Мектепте дабыл қағылып, әр посттағы балалар, әсіресе «Сарбаз» үйірмесінің балалары өз міндеттерін ерекше жауапкершілікпен атқарды. Төтенше жағдайлар Министрлігінің қызметкерлері сарбаздықтардың дайындықтары өте үлкен дәрежеде екендігін атап өтті.