Қазақстан өз мемлекеттілігінің дамуы барысында әрқашан елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға , қалыптасуын қамтамасыз етуін басты назарда ұстағандықтан, келешек ұрпақтарды батырлық пен жауынгерлік дағдыға үйрету мектептен басталады. Осы орайда ұйымдастырылған "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" шағын концерттен Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген азаматтардың еңбектерін бағалау, құрметтеу жас ұрпақтың міндеті екенін түсінді. 6-сыныптың қыздары мектебіміздің ер балаларын өлең шумақтарымен құттықтады. 8,9 - сыныптың қыздары "Сарбаздар", "Біздің елдің жігіттері" әндерін мерекеге тарту етті. Концерт "Алға, жігіттер" әнімен хор болып орындалып, соңында мектебіміздің директоры К.К. Ахметова құттықтады.