Меню KDT
kz ru en

НОВОСТИ ОБРАЗОВАНИЯ

Тарих апталығы Н.Назарбаевтың «ҰЛЫ даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты өткізілді.

Кішкенекөл №2 ішінара интернатты орта мектебінде 2019 жылдың 3- 13 желтоқсан аралығында тарих апталығы өтті. Тарих апталығы Н.Назарбаевтың «ҰЛЫ даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты өткізілді. 
Апталық алдын – ала жоспарланған жоспар бойынша өтті. Яғни тарих пәнінің мұғалімдері әр қыр бойынша безендіру жасап және жеке іс-шаралар күнара ұйымдастырып отырды. Дайындық барысында тарих пәнінің мұғалімдері және 5 -11 сыныптарының сынып жетекшілері белсене қатысты. Әр сыныпқа арнайы тапсырмалар берілді. Мысалы, 5-7 сыныптарға «Алтын адам» макетін жасау, ал 8-10 сыныптарға «Ұлы даланың түлғалары» тақырыбына буклеттер жасау тапсырылды.
Апталық барысында 5 ашық іс – шаралар өтті. Апталықтың бірінші күні салтанатты сап түзеудегі апталықтың ашылуымен өтті.Онда тарих пәні мұғалімдері апталықтың жоспарымен оқушыларды таныстырды. 
Апталықтың бірінші күні Тарих пәндері бірлестігінің жетекшісі Хаиргельдинов Р.Е. 5-6 сынып оқушыларына мектеп мұражайына саяхат жасады.Мұражайдағы көрмелері туралы пайдалы мағлұматтар беріп,әсіресе «атқа міну мәдениеті» тақырыбына баса көңіл аударды. 
Екінші күні тарих пәнінің мұғалімі Жауарова Э.Х. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «металлургия» қырына байланысты оқушыларға үзілістер арасында «қара жәшік», «тарихи әліппе» атты ойындар өткізді, оқушылардың қызығушылығын арттырды. 
Төртінші күні тарих пәнінің мұғалімі Ахметбекова Д.Б. «аң стилі» қырына байланысты үзілістер арасында пиктографиялық жұмбақтар өткізді.Оқушылардың міндеті - суреттерге қарап, сол суреттер нені білдіретіндерін анықтаулары керек болатын. Ойын өте қызықты өтті. 
Сол күні 8 сыныптар арасында «Тарих пәнінің білгірлері» атты тарихи-танымдық интеллектуалдық ойын сыныптан тыс уақытта өтті. Өткізген тарих пәнінің мұғалімі Жауарова Э.Х. Іс-шара сайыс түрінде өткізіліп, балалар Қазақстан тарихы сабағынан алған білімдерін көрсете білді. Мақсаты өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыруға бағытталды.
Күн сайын үзілістер арасында тарих пәнінің мұғалімі Султанов А.Е оқушылардың танымдарын туғызатын тарихи викториналар ұйымдастырып отырды. Сонымен қоса 7-10 сыныптарға «жүгірмелі сөзжұмбақ» жасады. Осы тапсырмада басқа пән мұғалімдері де белсене қатысты. Оқушылар әр сұрақты белгілі бір пән мұғаліміне жүгіріп, содан алып отырды. Бұл тапсырмада дұрыс жауап беру және жылдамдық ескерілді. Дұрыс толтырылған сөзжұмбақты және бірінші әкелген сыныптар марапатталды. 
Тарих пәнінің мұғалімі Аяганов М.К. 5-9 сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық іс-шара өткізді. Балалар тоғызқұмалақ, асық, дойбы ойнады. 
11 – ші желтоқсан күні тарих пәнінің мұғалімі Султанов А.Е. 5-9 сыныптарға интерактивті тақтаның көмегімен «Қазақ хандары» атты тарихи бейнебаяндар көрсетті. Іс-шара жоғарғы әдістемелік деңгейде өтті.

Апталықтың соңғы күнінде тарих пәнінің мұғалімі Ахметбекова Д.Б. бірінші елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Алма мен қызғалдақ» қырына байланысты алма жәрмеңкесін өткізді. Әрбір мұғалімге тосын сый ретінде бір алма мен қызғалдақтан тарту етті. 
13 – ші желтоқсан күні Тарих апталығының жабылу рәсімі өтті.Жабылу рәсімінде бүкіл апталық ішінде белсенділік танытқан оқушылар, сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды. Буклеттер, макеттер сайысының да жеңімпаздары марапатталды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана
привлекать граждан, 
к обсуждению решений 
 
социально-экономических 
проблем. Интеграциия
на платформе 
учреждений
социальной сферы и 
бизнеса, даёт уникальную 
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это
инструмент позволяющий
информировать граждан
о новостях 
происходящих в
школе, в регионе и в стране.
Сервисы дают возможность
создания 
сообществ и
обсуждений для 
участия
в процессе обучения 
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц74
  • За неделю20
  • Вчера1
  • Сегодня2
  • Онлайн0