“Жаңа ұлттық әліпби негізінде - сауаттылық” тақырыбында латын графикасында диктант
Ағымдағы жылдың қаңтардың 25-і қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің онкүндігі аясында, Уахит Рабиға Кушербайқызы 8-сынып оқушыларымен “Жаңа ұлттық әліпби негізінде - сауаттылық” тақырыбында латын графикасында диктант өткізді. Рабиға Кушербайқызы оқушыларға латын графикасындағы әліпбидің тарихын айтып, 2017,2018,2019 және 2021 жылғы әліпбидің нұсқаларымен таныстырды. Оқушылар 2021 жылы бекітілген әліпбидің соңғы нұсқасы бойынша диктант жазды.