Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні мектептің тәлімгері Баетова А.Х. "Парызым" тобының 9 сынып оқушыларымен мектебімізге тіркелген және мектеп жанында тұратын жалғыс басты ата-әжелеріміздің қал-жағдайларын біліп қайтты. Мусина Алма әжемізге қарын күреп, отын жарып, үйіне ағашын кіргізуге көмектесті. Алма апа балаларға ақ батасын беріп, оқуда үздік болуларын тіледі.