Меню KDT
kz ru en

введите текст

Гарвард және үй шаруасы - Ерлан Сағадиев жоспарлары жайында

Бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев болашаққа деген жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  "Бірінші әрі бастысы, мен Мемлекет басшысына маған сенім артқанына алғыс айтқым келеді. Бұл таңғаларлық үш жыл болды. Көптеген істер атқарылды, жақсы жұмыс істедік. Таяуда мақала оқыдым: не істелгені және не істелмегені туралы нақты баға берілген. Бірге жұмыс істеген адамдарға, осы үш жыл бойы бізге көмектескен адамдарға, үкіметте және Мәжіліс пен Сенаттағы әріптестерге түсіністікпен қарап, қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Білім берудің болашағы, елдің қандай болатынын көрсетеді", - деді Ерлан Сағадиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.  Бұрынғы министр есте қаларлық сәт ретінде 1 маусымда елімізде өтетін балалар оркестрінің шеруін атап өтті. "Атқарылған жұмыстың ішінде балалар шеруін мақтан тұтамын. Былтырдың өзінде өте әдемі және қызықты шерулер болды, олар біздің рухты көтеріп, біріктіріп, балаларымызды мақтан тұтуға медеу болады", - деді ол. Экс-министр балалар оркестрі мен ансамбльдер шеруі дами береді деп үміттенеді.  Ерлан Сағадиев жаңа білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованы білімді әрі тәжірибелі маман деп санайды. "Менің ойымша, білім беру саласында ол менен мықты түсінеді деп ойлаймын. Бүгінде біздің мектеп жүйесінің прототипі саналатын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бастауында тұрған тұлға. Егер қажет болса, мен әрдайым көмектесуге дайынмын, бірақ БҒМ командасы қазір жұмыс істеуге қабілетті, прогрессив, өз ұстанымдарымызды қорғай алатын ұйым деп айта аламын", - деді Ерлан Сағадиев. "Мен келесі жылға дейін өз ісіммен айналысуды жоспарлап отырмын. 2020 жылдың қаңтарында мен аяқтамаған Гарвардтың оқу бағдарламасы басталады. Осы уақытқа дейін үй шаруашылығын ретке келтіруді, мектепте оқитын балалармен айналысуды жоспарлап отырмын. Әдеттегі қалыпты жоспарлар", - деді бұрынғы білім және ғылым министрі.
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц96
  • За неделю31
  • Вчера7
  • Сегодня2
  • Онлайн0