Меню KDT
kz ru en

введите текст

Первое послание Косым-Жомарта Токаева народу Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

Президент  жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтап,

еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келетінін айтты.

Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделдІ әрі орнықты мемлекетке айналғанына тоқталып өтті.

«Бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық», - деді. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болғанын және еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни  Назарбаев моделі деп атағанын айтты. Елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын, бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе алатынымызды айтты.

 Қоғамдық келісімді нығайту туралы айтып өтті. Бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керектігі және қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беру қажет екндігін айтып өтті..

Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасау туралы,  сонымен қатар қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгендігін айтты. Тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпау керектігін, белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет екендігіне тоқталып өтті. Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдау керектігін айтты.

Маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталғандығы,

 әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтетінімізді айтты. Ең маңызды мерекеге – Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыру  қажеттігіне тоқталды. Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалатыны туралы, бұл  жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайтынын айтты. Оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажеттігіне тоқталды.

Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап баратыны, бұл -

негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы екендігін айтты. 

 «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру қажет екендігіне тоқталды. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд.теңгеге жеткізуді тапсырды.Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керектігін де айтып өтті.  

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, жоғары білімнің сапасы мен оқулықтардың сапасына да тоқталып өтті.

Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керектігін және білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет екендігіне тоқталды. Мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетінін айтты. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастайтынын айтты. Әрине, бірлігіміздің және ақыл парасатымыздың арқасында алға қойған мақсаттарымызға жетеміз деп ойлаймын. Бұның бәрі құптарлық – іс.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
AGARTU - призвана привлечь граждан, к решению  социально-экономических проблем. Интеграциия на платформе 
учреждений социальной сферы 
и 
бизнеса, даёт уникальную
возможность информирования
о товарах и услугах, 
"в режиме одного окна".
OTANBILIM.KZ - портал развитияе интелектуального потенциала, зарождающийся у детей в дошкольном и школьном возрасте. Цифровые гаджеты в руках педагогов и детей, надо направить на оптимизацию процесса обучения.
ШКОЛЬНЫЙ САЙТ - это инструмент позволяющий информировать граждан о новостях происходящих в школе, в регионе и в стране. Сервисы дают возможность создания 
сообществ и обсуждений для
участия в процессе обучения
родителей и школьников.
МОБИЛЬНОЕ П РИЛОЖЕНИЕ объединяет сервисы платформы и позволяет легко переходить из социальной, в торговую часть платформы и обратно, управлять сайтами и сервисами удаленно и быть постоянно через систему уведомлений в курсе последних событий  платформы. 

Статистика

  • За месяц92
  • За неделю24
  • Вчера4
  • Сегодня1
  • Онлайн0