Меню KDT

Новости

Главная Новости

18.11.2025

Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл

Жазушы, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл толуына орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің кітапханашысы Баймульдина Г.К. 8-сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізді.

18.11.2025

"Үйде және мектепте су ресурстарын үнемдеу практикасы"

14 қараша күні "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де аға тәлімгер Буреева М.С. және мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен 5–8 сынып оқушыларымен "Үйде және мектепте су ресурстарын үнемдеу практикасы" атты дөңгелек үстел өтті.

18.11.2025

ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Соңғы уақытта мектеп аумағында және көшелерде қаңғыбас иттердің жүру жағдайлары тіркелуде. Бұл жағдайлар оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, оқу үдерісіне кедергі келтіруі мүмкін.

17.11.2025

Шағын орталықтың ересектер тобында психолог Даулетова Г.М. «Қорқынышсыз дене» нейропсихологиялық техникасы бойынша сабақ өткізді.

Балаларға қорқыныш тек ойда ғана емес, денеде де сезілетінін түсіндірілді. Олар қорқыныштың «қай жерде тығылатынын» анықтауды үйреніп, босаңсуға арналған жаттығулар жасады:

– кернеуді сілкіп тастау;

– терең тыныс алу;

– «Тас және қауырсын» жаттығуы.

Сабақ балалардың денелік кернеуін азайтып, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға көмектесті.

17.11.2025

Пески орта мектебі КММ-де оқушылар арасында “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл” тақырыбында саяси ақпараттық сағат өткізілді.

Мақсаты:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты дамыту және заң нормаларын сақтауда жеке жауапкершілікті тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен оның түрлері туралы білімдерін кеңейтті, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын шаралармен танысты.

Балалар адалдықтың, әділдік пен заңға бағынудың маңызын түсініп, әр адамның сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлесін қоса алатынын ұғынды.