2023 жылдың 1 маусымында мектепте "балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн" акциясы басталды. Оның мақсаты - балалар еңбегінің проблемасын жариялау, балалар еңбегін қанау туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыру, барлық елдерде дамып келе жатқан балалар еңбегіне тыйым салу қозғалысына және әсіресе оның ең нашар түрлеріне назар аудару.
1 маусымда Балаларды қорғау күні аясында "Соңғы қоңырау" мерекесіне арналған салтанатты саптүзеу өтті. Бірінші сынып оқушылары түлектерге қоштасу сөздерін айтты, ал түлектер өз кезегінде мұғалімдер мен ата-аналарға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, жетістіктері үшін оқу үздіктері грамоталармен марапатталды.
2023 жылдың 30 мамыр күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде, Астана қаласы Полиция Департаментінің Ювеннальды Полиция бөлімімен бірге ұйымдастырылған "Бақытты балалық шақ" атты футбол сайысы болып өтті.
Астана қаласы әкімдігі "Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі" 2023 жылдың 01 маусым айынан бастап мектепалды даярлық сыныбына (0-сынып) оқушылардың құжаттары қабылданатынын хабарлайды. Қажетті құжаттар тізімі төменде көрсетілген.
«Әр мемлекеттің дамуы, болашағы білімді, мәдениетті, дені сау азаматтарға байланысты. Ал ұстаздар осындай азаматтарға білім береді. Біздің оқушыларының халықаралық, республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атануы ұстаздардың еңбегі. Биылғы жылы көптеген шәкірттеріміз халықаралық, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар тек мектептің ғана емес, ғана емес, бүкіл Астанамыздың беделін көтерді.<br />Осыдан 11 жыл бұрын білімнің мерейлі мекені алтын ұя мектебіміз өз есігін алғаш ашқан болатын. 2012 жылы тарыдай болып келген балапандарымыз міне бүгін мектеп бітіруші түлек атанып отыр. Биыл бізде 134 оқушы үлкен өмір жолына қадам баспақшы!<br />Түлектер арасында жылдар бойы мектептің қоғамдық өміріне ат салысып жүрген белсенді оқушыларымыз бар.