2026 жылғы 21 қазанда тамақтану сапасы мен мониторингі жөніндегі комиссия «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің асханасына тексеру жүргізді.

мектебімізде «Отаным менің – Қазақстаным» тақырыбында эссе жазу жұмысы орын алды

2026 жылдың 21 қазан күні , «Ziyatker mura» цифрлық музейінде «Болашақ мамандығы» тақырыбында кәсіби бағдар беру воркшопы өтті. Іс-шараға «№2 Новоишим орта мектебі» КММ 9-сынып оқушылары қатысты.

2026 жылы 20 қазан күні «№2 Новоишим орта мектебі» «Балалардың қауіпсіздігі — отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі: суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбына мектеп бойынша ата-аналар жиналысы өтті.
🏃 Акцияға 1–11-сынып оқушылары шақырылады!

Қазан айының 20 күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, педагогтар, мектеп психологтары мен оқушылардың заңды өкілдері қатысып, бала тәрбиесі мен білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады.

Іс-шараны мектеп директоры М.Султанова ашып, жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы туралы қысқаша ақпарат берді. Өз сөзінде директор мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланыстың оқушылардың жетістіктеріне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі маңызды мәселе — мектептің ішкі тәртіп ережелеріне арналды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Мырзаханова ата-аналарды мектеп формасына қойылатын талаптармен, сабаққа қатысу ережелерімен және қауіпсіздік шараларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруда бірлесе әрекет ету қажеттігі сөз болды. Бұдан бөлек, жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығына сәйкес, білім беру ұйымдарына әкелуге тыйым салынған және пайдаланылуы шектелген заттардың тізбесі туралы А. Балхожаеваның баяндамасы тыңдалды.

Баланың жаңа оқу жылына және мектеп ортасына бейімделуі де назардан тыс қалмады. Педагог-психолог Қ. Тулеулиева баланың бейімделу кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, ата-аналарға үйде балаға қалай қолдау көрсету керектігі туралы пайдалы кеңестер берді.

Жиналыстың соңғы бөлімінде ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мектеп басшылығымен еркін пікір алмасты. Іс-шара белсенді ата-аналарды марапаттау рәсімімен және жылы лебіздермен аяқталды. Мұндай кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді нығайтып, өскелең ұрпақтың дұрыс қалыптасуына үлкен септігін тигізері сөзсіз.

2026 жылдың 20 қазанында Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің (РО) базасында аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби бағдар беруге бағытталған «Болашақ прокурор кеңістігі» атты аудандық форум жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Маңызды шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың заңға деген құрметін оятып, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар құқық қорғау және заң саласындағы мамандықтардың қыр-сырын таныстыру болды. Форумға Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.К. Солтанбаев, аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Н.А. Балтабай, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ж.Ж. Сиха және аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Р.Ғ. Куанышбаев арнайы қатысып, оқушылармен ашық пікір алмасты.

Жиынның шымылдығын ашқан Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы оқушыларға сәттілік тілеп, заң үстемдігі орнаған қоғамда әрбір азаматтың құқығы тең қорғалатынын атап өтті. Өз кезегінде сөз алған білім бөлімінің басшысының орынбасары Нұрбахыт Айтмаханұлы мектеп қабырғасындағы құқықтық тәрбие мен болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығына тоқталды.

Форум барысында Шу ауданы прокуратурасының аға прокуроры Жаннур Жұмаханұлы «Заңды білу — өз құқығыңды қорғау» тақырыбында баяндама жасап, жасөспірімдерге прокуратура органдарының негізгі міндеттері мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тетіктерін түсіндірді. Ал полиция бөлімі бастығының орынбасары Роллан Ғаниұлы «Заңды білу — заман талабы» тақырыбында сөз қозғап, қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.

Еркін пікір мен ашық сұрақ-жауап алаңы

Форумның ең тартысты әрі қызықты бөлігі — оқушылардың ашық сұрақ-жауап алаңы болды. Болашақта прокурор, заңгер, судья немесе полиция қызметкері болуды армандайтын мектеп түлектері көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Оқушылар мамандыққа түсу жолдары, заң саласы маманына қажетті басты тұлғалық қасиеттер — адалдық пен әділдік туралы сұрап, белсенділік танытты.

Шара соңында өткізілген «Менің құқықтық ұстанымым» атты интерактивті ойында қатысушылар буллингке қарсы тұру, интернеттегі ақпараттың шынайылығын тексеру және өзгенің құқығын құрметтеу сияқты өзекті тақырыптар төңірегінде өз көзқарастарын білдірді.