“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ нің тәрбие жоспарына сәйкес «Заң мен тәртіп» айының аясында “ДОСБОЛLIKE” “Буллингтен қорған” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Қаңтардың 16 күні Құлыншақ бөбекжай-балабақшасы мен №1 жалпы білім беретін мектеп арасындағы сабақтастық аясында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс- шараға балабақша балалары мен 1 «Б» сынып оқушылары қатысып, қазақтың ұлттық ойыны – «Асық ату» ойынын ойнады. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу, салт-дәстүрге деген қызығушылықтарын арттыру және балабақша мен мектеп арасындағы тығыз байланысты нығайту.
17 қаңтарда Новоишимское ауылында қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыстар өтті. Қыздар арасында кіші топта 3 орынды Толокнева Вероника, 2 орынды Койманбаева Каролина, 1 орынды Грибунова Валентина алды. 2011 - 2012 жас тобында қыздар арасында 2 орынды Завьялова Алина, 1 орынды - Плохотина Алина алды. Акпанов Нариман ұлдарының арасында 3 орын алды. Қыздар арасында үлкен топта 1 орынды Муравьева Елизавета, ұлдар арасында Синкевич Вадим 5 орынды алды. Жарыс қорытындысы бойынша біздің мектеп 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.
«Өнегелі 15 минут» аясында<br />«Қамқорлық – адамгершілік белгісі» тақырыбында<br />7 «А» сыныбында тәрбиелік іс-шара өтті.<br />Іс-шараны ата-ана Қошаханова Жаңыл өткізді. Ол оқушыларға қамқорлық пен адамгершіліктің маңызы, бір-біріне көмек көрсету мен құрметпен қарау дағдылары туралы қызықты әңгімелер мен ойындар арқылы түсіндірді.<br />Балалар белсенділік танытып, өз ойларын бөлісті. Мұндай іс-шаралар тәрбиелік мәні зор болып, оқушылардың жақсылық жасауға және адамдарға қамқор болуға деген дағдыларын арттырады.
15 минуттық үзілісте «Менің туым – менің мақтанышым» тақырыбында 3 «Ә» сыныбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараны ата-ана Бисенбаева Гүллана өткізді. Балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының маңызы, рәміздерге деген құрмет пен отансүйгіштік туралы түсінік беріп, қызықты ойындар мен әңгімелер ұйымдастырды. Балалар белсенділік танытып, өз ойларын бөлісті. Мұндай іс-шаралар тәрбиелік мәні зор болып, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
"Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы сенімді қалыптастыру мақсатында,құқықтық сананы тәрбиелеу және құқықтық мәдениетті арттыру шеңберінде 1-7 сынып оқушылары арасында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты сынып сағаттары өткізілді.
«Тәртіп – тәрбие бастауы» қаңтар айының 3-ші аптасы осы тағылымды дәйексөзбен бастау алды. Апта аясында барлық сыныптарда сынып сағаттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Оқушыларға 20 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізіліп, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, 6–8 сынып оқушылары арасында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында буллингтің алдын алу, бір-біріне құрметпен қарау, қиын жағдайда көмек сұрай білу дағдылары талқыланды. Мұндай тақырыптағы сынып сағаттары оқушылардың тәртіпті, жауапты және қауіпсіз ортада білім алуына бағытталған.