Қаңтарлың 16 күні “Уақыт озса да, ұмытылмас ұя" тақырыбында мектеп түлектері – бүгінгі студенттермен кездесті. Іс-шараға мектептің 9–11 сынып оқушылары қатысып, алтын ұя мектепке деген сағыныш пен ыстық ықыласқа толы әңгімелерді тыңдады. Кездесу барысында уақыт өтсе де ұмытылмайтын мектеп өмірі, ұстаз еңбегі және білім ордасының қадірі туралы әсерлі ойлар айтылды. Оқушылар түлектермен еркін пікір алмасып, студенттік өмір мен болашақ мамандық туралы мәліметтер алды. Түлектер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас өрендерге болашаққа сеніммен қадам басуға бағыт-бағдар берді.
14 қаңтарда «Әдістемелік күн – бейсенбі кездесулері» аясында мектебімізде әдістемелік күн өткізілді. Іс- шараны мектеп директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Унгарбаева Жаннат Оразғалиқызы ұйымдастырды. Мақсаты: педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін тәжірибеде тиімді қолдануына жағдай жасау, өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын көтеру, шығармашыл әрі жаңашыл мұғалім қалыптастыру.
16 қаңтар күн мектебімізде “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында
9–10 сынып оқушыларының қатысуымен “Кәсіпкерлік – болашаққа бастар жол” тақырыбында кәсіп иегерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге өз ісін адал еңбегімен дамытып отырған жергілікті кәсіпкерлер шақырылды.
Амантаев Марат Нарнбайұлы – 2023 жылы Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1 472 000 теңге көлемінде мемлекеттік грант жеңіп алып, былғары бұйымдарын өндіру кәсібін бастаған. Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған аула клубында “Былғары бұйымдар” үйірмесінің жетекшісі болып қызмет атқаруда.
Құндылықтарға негізделген білім беру – жарқын болашақ кепілі
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттыру, тұлғалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мектебімізде ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында «Абайтану» және «Әбіштану» клубтары өз жұмысын бастады.
🗓 15 қаңтар күні «Абай» клубы 4-сынып оқушылары арасында «Абай кім?» атты танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара АКТ залында өтіп, оқушылар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысты.
“Менің өмірлік көзқарасым” тақырыбында эссе жазу байқауы өтті Желтоқсан айында 8–9 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектепішілік эссе жазу байқауы өтті. Байқау “Менің өмірлік көзқарасым” тақырыбында ұйымдастырылды. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубашев Бибарыс жүргізді. Байқаудың мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және өз көзқарасын сауатты жеткізе білуіне ықпал ету. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын – Қармыс Мадина, 8 «А» сынып ІІ орын – Кенжебекқызы Іңкәр, 9 «Ә» сынып ІІІ орын – Садық Хадиша, 8 «А» сынып ІІІ орын – Серікқали Жанира, 9 «А» сынып