16 қазанда "Асық ату" ұлттық ойынынан аудандық жарыстар өтіп, оған мектептің құрама командасы қатысты.

2026 жылғы 16 қазанда "№2 Новоишим орта мектебі" КММ мектепалды сыныбында «Күзгі бал» мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Мектебімізде күз мезгіліне арналған «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті.
9 сынып оқушысы Карагизов Ильяс орыс тілі және әдебиет пәнінен  ие болды!
«Арқа сүйер адамдар» психологиялық тренингі.Оқушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайту мақсатында «Арқа сүйер адамдар» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты — сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, эмоциялық сауаттылықты дамыту және қажет кезде көмек пен қолдау сұрай білуге үйрету.Тренинг барысында оқушылар қиын жағдайда кімге арқа сүйеуге болатыны, жақын адамдарға сенім артудың маңыздылығы және өз сезімдерін дұрыс жеткізу жолдары туралы ой бөлісті.«Стақандағы эмоциялар» атты практикалық жаттығу оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жаттығу барысында олар түрлі түстер арқылы өздерінің эмоциялық күйлерін бейнелеп, сезімдерін тануға және олардың маңызын түсінуге үйренді.Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар өзара көмек, қолдау көрсету және сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығын талқылады.Тренингтің негізгі қорытындысы: әр адамның жанында оны тыңдауға, түсінуге және қолдау көрсетуге дайын жандар бар. Ең бастысы — қиын сәтте көмек сұраудан қорықпау және өзгенің де сенімді тірегі бола білу.
Шу ауданы Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) қазан айының 13 күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтын алдын-алу, «Оқушылар арасында зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» бойынша 9-11 сынып оқушыларымен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты М.Кусаиновпен Е.Мұхтарұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қосымша казіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі сағат 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтындығы туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы, білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
2026 жылғы 14 қазанда «Батыр Баян атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де «Кітап айналымы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу және кітап алмасудың маңыздылығын түсіндіру.Көрме барысында оқушылар кітап алмасу идеясымен танысып, кітаптардың бір оқырманнан екіншісіне өту арқылы білім, қызықты оқиғалар мен пайдалы ақпарат тарататынын білді. Балалар кітап алмасу жаңа шығармалармен танысуға, өздерінің сүйікті кітаптарын өзгелермен бөлісуге және дүниетанымын кеңейтуге тамаша мүмкіндік екенін түсінді.Сондай-ақ оқушылар әрбір кітаптың біреуге шабыт, жаңа білім мен жарқын әсер сыйлай алатынын ұғынды. Өйткені сен бөліскен кітап басқа адамға жаңа әлемнің есігін ашуы мүмкін!
Кітап өмір сүріп, қолдан-қолға өтіп, өз оқырманын табуы тиіс!