Меню KDT

Новости

Главная Новости

04.11.2025

«Қыран елім – Қазақстаным!»

2025 жылғы 20 қазанда мектебімізде еліміздің Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Туды салтанатты түрде шығарып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
Жиынның мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға және туған елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге бағытталды.
"Қыран елім -Қазақстаным!"

04.11.2025

Алтын күз

Алтын күз
Шағын-орталық пен мектеп алды сыныптарында «Алтын күз» атты күзгі мереке өтті. Іс-шараның мақсаты – балалардың табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке және туған табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Балалар күз туралы өлеңдер оқып, ән айтып, көңілді ойындар мен сайыстарға қатысты. «Күзгі асар» атты күзгі қолөнер байқауында келесі нәтижелер анықталды:
1-орынды – Криштопин Иван,
2-орынды – Власкин Александр иеленді.
Мереке жарқын да қызықты өтті, балалар көптеген жағымды эмоция мен көтеріңкі көңіл күй алды.

04.11.2025

«Алтын күз»

2025 жылғы 17 қазанда бастауыш буын сыныптары арасында «Алтын күз» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен әсемдік сезімін дамыту.
Оқушылар күз туралы өлеңдер, әндер мен билер дайындады. Әр сынып «Күзгі асар» атты табиғи материалдардан бұйымдар жасап ұсынды.
Нәтижесінде:
1-орынды – 3-сынып,
2-орынды – 2-сынып,
3-орынды – 1-сынып иеленді.

04.11.2025

2025 жылы 24 қазанда Республика күніне орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қыран елім - Қазақстан" атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

2025 жылы 24 қазанда  Республика күніне орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қыран елім - Қазақстан" атты  салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

04.11.2025

24 қазан 2025 жылы 9-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы күніне орай «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалдық-танымдық сайыс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еліміз туралы тарихи, мәдени және географиялық білімдерін кеңейту, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, логикалық ойлау, талдау және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушыларды отансүйгіштікке, бірлік пен достыққа тәрбиелеу болды.

04.11.2025

22 қазан күні 9 "Ә" сынып жетекшісі Садық А.Б. Республика күні қарсаңында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес ашық тәрбие сағатын өткізді.

22 қазан күні 9 "Ә" сынып жетекшісі Садық А.Б. Республика күні қарсаңында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес ашық тәрбие сағатын өткізді.

04.11.2025

⚽️🏐 "Тәуелсіздік кубогі" спорттық турнирі 🇰🇿

"Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Республика күні қарсаңында дене шынықтыру пәні мұғалімдері Сердалин Р.Е. мен Көкқыз Қ. ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік кубогі" атты мектепішілік футбол және волейбол турнирі өтті.