15 наурыз күні мектебімізде «Көрікті көктем аруы» атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауға жеті бойжеткен ару қатысып, өзара сынасты.
Үкімет отырысында сөз алған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ойын осылай түйіндеді. Өздеріңіз білесіздер, Нұр Отан партиясының XVIII съезінде елбасы білім саласында қазіргі жүргізіліп жатқан шаралардың мағыналы аяқталуын тапсырған болатын.
Наурыз айының 13-15 күндері СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ "Дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастыруымен облыстық " Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2019" байқауынан Бралин Абзал Сабыржанұлы ІІ орын иегері

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай №38 мектеп-лицейінде 6-сынып қыздары арасында «Қызғалдақ» қыздар ұйымының жетекшісі Жарасбаева Дариға Асқарқызы және көркем өнер пән мұғалімдері Аждар Алтын мен Жұмабаева Лаураның ұйымдастыруымен «Үкілі Ару» байқауы өтті. Байқауда ұлттық құндылықтарымызды қатысқан мектеп оқушылары өте жоғары деңгейде көрсете білді. Байқау нәтижесі бойынша 6 «Б» сынып оқушысы Қасымжанова Мадина «Бас жүлде» иеленді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау барысында ұлттық спорт түрлерінен «Бестас», «Асық ату», «Арқан тартыс», «Аударыспақ» т.б. Дене шынықтыру пән бірлестігі ойындар ұйымдастырып, өткізді.

Астана қаласы №38 мектеп-лицейінде 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз - Думан» мерекелік іс-шарасы мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Шараға барлық мектеп ұжымы мен оқушылар және ата-аналар қатысып, ұмыт қалған салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында түрлі сахналық қойылымдар қойылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Мереке соңында пән бірлестіктері түрлі номинациялардағы Алғыс хаттармен марапатталды. Мереке өте жоғары деңгейде өтуіне барлық мектеп ұжымы атсалысты.

1-9-сынып оқушылары арасында Наурыз мерекесіне орай сынып сағаттары өтті.
Әлжан негізгі мектебінде Наурыз мерекесі қарсаңында 5-9-сынып оқушылары арасында спорттық жарыс өтті.
14.03.2019 жылы №63 мектеп-гимназиясында «Экологиялық мәдениет:кеше, бүгін, ертең» тақырыбында қалалық оқу орындарымен бірлескен семинар болып өтті. Семинардың басты мақсаты: экологиялық мәдениет қозғалысын дамытуға, мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында қоқысты сұрыптау әрекетін жандандыру дағдыларын дамытуға бағытталған. Семинарға Астана қаласының гуманитарлық колледжінің шет тілдер факультетінің студенттері мен Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің болашақ экологтары қатысты. Сонымен бірге респубикалық «Әжетай» журналының редакторы Сандуғаш Нұрқанова қатысып, бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарына тәнті болып кетті. Семинар барысында қонақтар мен қатысушылар мектептегі экологиялық білім мен тәрбиенің берілу барысында өткізіліп жатқан іс-шараларды тамашалады. Жұмыс барысы оқушы, ата-ана, мұғалім, қалалық мекемелермен тығыз-қарым-қатынаста жүргізіледі. Соның ішінде сынып сағаттары, ашық сабақтар, көрме, шеберханалар, қоқысты сұрыптауға қатысты қалдықтардан жасалған заттар мен суреттер көрмесі, «Екінші өмір сыйлаймын» тақырыбындағы ата-аналар ұйымдастырған сән салтанаты, қонақтармен, ата-аналармен өткізілген коучинг, «Жасыл идеялар мектебі» тақырыбындағы экосаяхатта болып өтті. Оқушылардың адамзат үшін қымбат та маңызды болып табылатын: су, ауа, жер мәселесі бойынша дайындалған ғылыми жобалар, пән мұғалімдерінің авторлық бағдарламалары да қорғаудан өтті. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы да оқушылардың табиғат байлықтарын сақтаудағы праткикалық дағдыларын дамытып, функционаллық сауаттылықтарын арттыруға бағытталса, ата-аналар арасында «Vсұрыптау» акциясын насихаттау, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамыту көзделген.

"Балапан" шағын орталығының тәрбиеленушілері мектептегі тарихи-өлкетану мұражайына серуен жасады