Оқу-тәрбие жұмысы аясында және оқушылардың ой-өрісін кеңейту мақсатында Саумалкөл ауылының бір топ оқушысы «Ботай» мұражайына экскурсияға барды. Экскурсия барысында оқушылар Ботай мәдениетінің тарихымен, ежелгі тайпалардың тұрмыс-тіршілігімен және дәстүрлерімен, сондай-ақ сол дәуірдегі адамдардың өмірін бейнелейтін археологиялық олжалармен танысты.Экскурсия жетекшісі Ботай тұрағының әлемдік тарих пен археологиядағы маңызды ескерткіш ретіндегі маңызы туралы айтып берді.
Мұражайға бару оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, туған өлкесінің тарихи мұрасына деген қызығушылығын қалыптастыруға және танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
В рамках проекта «Бiр күн қалада» учащиеся нашей школы совершили поездку в город Петропавловск. Цель мероприятия – расширение кругозора детей и организация содержательного досуга.
«Сиқыршылар» тақырыптық іс-шарасы
Мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалардың шығармашылық ойлау қабілеті мен қиялын ұштай түсуге арналған ерекше бір күн өтті.Бұл – сиқыр мен қиялға толы, көңілді әрі шабытты «Сиқыршылар» тақырыптық іс-шарасы болатын.
Балалар сиқыр әлемінің құпиясын ашуға ұмтылып, белсенді қатысты.Олар «сиқырлы» заттарды жасап, жұмбақтарды шешу арқылы логикалық ойлауын шыңдады. Әрбір баланың көзі жанып, жүзінде шаттық нұры ойнап тұрды.
Іс-шара барысында лагерь алаңы ертегі еліне айналғандай әсер қалдырды. Балалар өздерін нағыз сиқыршы сезініп, ерекше атмосфераға бөленді.
Бұл күн – балалар үшін тек ойын-сауық қана емес, өздерін танып, еркін шығармашылыққа қадам басқан ерекше сәт болды. Әр қатысушы жағымды эмоциялар мен бірлікке, еркін өзін көрсету мүмкіндігіне ие болып, лагерьден ұмытылмас әсерімен оралды.
Қазақстанда 2007 жылғы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның қабылдануына орай Мемлекеттік рәміздер күні белгіленген. Бұл күн мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлік пен егемендіктің ажырамас бөлігі ретіндегі маңыздылығын көрсетеді. Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Әнұран - Қазақстан халқының тәуелсіздігі мен бірлігін бейнелейді, Еліміздің тарихи сабақтастығы мен мәдени мұрасының көрінісі болып табылады.
День государственных символов
1 маусым – бүкіл әлемде балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді. Бұл – балаларға арналып ұйымдастырылатын ерекше мереке. Осы күн – жазғы демалыстың басталуымен қатар келеді, сол себепті де балалар үшін көңілді, қуанышты, ерекше сәттерге толы болады.
Мерекенің басты мақсаты – балалардың өмірі мен құқықтарын қорғау екенін еске салу. Әрбір бала бақытты болуға, махаббатқа бөленуге, қорғануға және өз ойын еркін айтуға толық құқылы. Бұл күн – үлкендерге балалардың маңыздылығын еске салып, оларды жақсы көруге, қамқор болуға шақырады.
2025 жылғы 29 мамырда «Ботақан» шағын орталығында тәрбиеші Бойко Анастасия Владимировна «Бала қауіпсіздігі – бірінші орында» тақырыбында интерактивті ойын-сабақ өткізді. Балаларға қауіпсіздік ережелері ойын арқылы түсіндірілді.
" Бала қауіпсіздігі - басты орында"
2025 жылғы 26 мамырда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған іс-шараларды өткізу шеңберінде медицина қызметкері Г.В.Мелешенко «Жазғы уақытта денсаулықты қалай сақтау керек» тақырыбында әңгімелесу өткізді.
"Балалардың сенімді дәрігерi"
2025 жылғы 16 мамыр күні, 10-11 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында әңгімелесу өткізілді.�Кездесу барысында оқушыларға терезе ашық тұрған кезде сақталуы қажет қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын сақтамаудың қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені нақты мысалдар арқылы көрсетілді. Жоғары сынып оқушылары тақырыпты қызығушылықпен тыңдап, өз ойларын ашық айтып, талқылауға белсенді қатысты.
«Безопасное окно» в 10–11 классах
2025 жылдың 16 мамырында мектепте жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібі:
2024–2025 оқу жылындағы жұмысты талдау, қорытынды аттестаттау нәтижелерін қарастыру.
Оқушылардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ақпарат.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысы туралы таныстыру.
Ата-аналарға арналған «Отбасындағы балаларға қатыгездік: жауапкершілік және оның алдын алу» тақырыбындағы дәріс.
Жас ұрпақтың амандығы мен қауіпсіздігі – қоғамның басты құндылықтарының бірі. Осы мақсатта мектебімізде 5-10 сынып оқушыларына арналған «Қауіпсіз терезе» атты акция аясында профилактикалық әңгіме ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын сіңіру, олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу, сондай-ақ, терезеден құлау сияқты қайғылы жағдайлардың болмауына ықпал ету.
Әңгіме барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсінікті әрі тартымды тілде жеткізілді. Шынайы мысалдар келтіріліп, түрлі жағдайлар талқыланды. Балалар өз тараптарынан сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, оларды сақтыққа, сергектікке баулиды. Өмір — баға жетпес байлық, ал оны қорғау — әрбіріміздің ортақ міндетіміз.