«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, өз кәсібіне жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында мектебімізде «Үздік жас маман-2019» сайысы өтті. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен ұстаздары сайысқа бар ынтасымен, жоғары дайындықпен келген. Жас мамандар төмендегідей төрт бағытта бақ сынасты: 1. Таныстыру (шығармашылық деңгейі жоғары болуы тиіс); 2. «Менің педагогикалық зертханам» (Мини зерттеу жұмысы); 3. Педагогикалық сұрақ-жауап; 4. Ситуациялық сұрақ-жауап
11 ақпан күні барлық сыныптарда автордың және «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваға арналған сабақ сағаттары өткізілді.
Жамбыл ауданының Айтуар ауылындағы Айтуар негізгі орта мектебінде өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары ұйымдастырылды.