Меню KDT

Новости

Главная Новости

10.12.2018

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" тақырыбында сынып сағаттары

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні" тақырыбында сынып сағаттары

10.12.2018

2018 жылдың 03 - 09 желтоқсан аралығында Қазақстанда халықаралық информатиканы үйрену аптасы аясында «Кодтау Сағаты» бастамасы өткізілді. Информатика пәні бойынша «Кодтау Сағаты» сабағы 5 - 11 сыныптар арасында өткізілді. Сабақтың мақсаты: жастардың компьютерлік ғылым мен бағдарламалауға қызығушылықтарын қалыптастыру. Сабақ өте қызықты өтті. Апта бойы информатика сабақтарында оқушылар бағдарламалау бастамаларымен танысып, өз білімдерін жетілдірді. Интернет желісі арқылы кодинг сағатында оқушылар ««Minecraft», «Dance Party» тапсырмаларын қызыға орындады. 5 - 11 сынып оқушылары берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегіне жүгінбей, өздері шешімін табуға тырысты және оңай әрі тез орындады. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болды. Сабақ аяқталғаннан кейін де, олар басқа тапсырмаларды орындады. Сабақ компьютерлік сыныптарда өткізілді. Сабақтың соңында әрбір оқушыға «HOUR CODE 2018» табысты аяқтағаны үшін сертификаттар берілді. Сабақтан соңында оқушылар IT-технологиялар тақырыбына және ІТ мамандығына қызығушылық танытты.

10.12.2018

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының II кезеңінің (аудандық) қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының II кезеңінің (аудандық) қорытындысы

10.12.2018

Еліміздің болашағы жастардың қолында

7 желтоқсан күні өткен «Еліміздің болашағы жастардың қолында» атты Республикалық сайыс - фестивалінде 1 орын алған мектебіміздің 4 «Д» сынып оқушысы Мазиев Амирді құттықтаймыз!

10.12.2018

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді

10 желтоқсан күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Көпұлтты Қазақстанның ширек ғасыр ішінде қол жеткізген жетістіктері мен Елбасының салиқалы саясаты арқау болды.

10.12.2018

2004 – 2005 жылғы қыздар арасында баскетболдан мини турнир

8 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігі күні аясында №1 мектеп – лицейінде 2004 – 2005 жылғы қыздар арасында баскетболдан мини турнир өткізілді. Аталған жарыста мектебіміздің қыздар құрамасы 2 орын алды. Құттықтаймыз!

10.12.2018

Құттықтаймыз!

  Аудандық олимпиадада жетістікке жеткен оқушылар мен пән мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз! Қалалық олимпиадада жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз.

10.12.2018

Құттықтаймыз!

«Талант академия» және «Қазақстан ұстаздары» қолдауымен өткізілген «Елбасы - ел тірегі» атты дарынды оқушылардың ғылыми жобалар сайысынан Республика бойынша жүлделі 2 орынға ие болған 9 «Ә» сынып оқушысы Рақым Шұғыланы шын жүректен құттықтаймыз! Білім шыңына өрлей бер, қанатын талмасын!

10.12.2018

«Қыздар арасындағы Республикалық Баскетбол» жарысы

Ағымдағы жылдың 10-шы желтоқсанында қыздар арасындағы Республикалық Баскетбол жарысында