Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай бастауыш сыныптар арасында жобалар сайысы өтті. 1-сыныптардың оқушылары мен ата-аналары ынтымақтасқан түрде Астана қаласының атаулы ғимараттарының жобаларын жасап, қорғау жұмыстарын жүзеге асырды. Бұл игі іс-әрекеттерін ата-аналар мен оқушылар ҚР-ның Тәуелсіздігінің 27-жылдығына арналды. Әділ қазы ретінде технология пәні мұғалімдері шақырылды. Бас Жүлдені 1 «Б» сыныбы қанжығасына байлады. Барлық сыныптар алғыс хаттармен марапатталды.

2018 жылдың 14 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 27 жыл толу мерекесіне орай «Руханият» қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Желтоқсан-тәуелсіздік бастауы» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.

Армысыздар құрметті ұстаздар, және оқушылар. Желтоқсан мерекесіне орай өткізілген аудиобағдарлама

14 желтоқсан күні мектеп-балабақша кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жалпымектеп бойынша салтанатты түрде өтті бірқатар іс-шаралар өтті.

Бастауыш сынып математика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жүлдегері №48 мектеп-лицейінің 2 «А» сынып оқушысы Абильгазин Амир және мұғалімі Темирбекова Жумакуль Сейтбековна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!

16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі аясында мектеп-лицейде «ЖАС ҰЛАН» балалар мен жасөспірімдер ұйымының ҰЛАН БАСЫ және ұйым мүшелерін ұлықтау рәсімі өтті. Жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шараның тәрбиелік тағлымы мол болды. Бүгінгі таңда мектепте оқушылардың жан-жақты дамуын, жеке тұлғалық ерекшеліктерінің артуын жүзеге асыруда «өзін-өзі басқару» ұйымының маңызы зор