Оқушылар сарайында 22-30 мамыр аралығында өтіп жатқан «Қазақстан балалары» онкүндігімен қамтылған «Балалар үні» шарасы аясында фетр және жүннен бұйымдар жасау үйірмесінің бір топ оқушыларына үйірме жетекшісі Бермаганбетова Жайнагүл Ақихатқызы «Көңілді жаз» тақырыбымен шеберлік сағатын ұйымдастырды.

Бітіруші мектеп түлектерінің 11 жыл

24 мамыр күні 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынның мерекелік шарасы өтті. Бұл ерекше күн – мектеп бітіруші түлектер үшін мәңгі есте қалатын, жүректі тебірентетін сәттердің бірі.

ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Гимн орындалғаннан кейін, алғаш болып сөз сөйлеген мектеп директоры А.Байгисиева мектептің жетістіктері мен білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегіне ерекше тоқталып өтті.

Бұл күн – үлкен өмірге ашылған жаңа есік болғандықтан, түлектерге ақ жол, жарқын болашақ, биік белестер тілейміз!

24 мамыр күні «Оқушылар сарайында» ата-аналар мен мұғалімдердің арасында «Теңіз»тақырыбында арт-терапиясы өтілді.Мақсаты:шығармашылық әлеуеттерін оятып, арт-терапия құралдары арқылы эмоционалдық байланыс орнатуға және ішкі сезімдерді түсінуге көмектесу.
“ Адал Азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған үздік эссе иегерлері марапатталды.