Меню KDT

Новости

Главная Новости

03.10.2026

«Қартым – асыл қазынам» мерекелік іс-шарасы

2 қазан күні 3-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Қартым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға үлкенді сыйлау, қарттарды құрметтеу, ата-әжелеріміздің өмірлік тәжірибесі мен өнегесін бағалау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Мерекелік шара барысында оқушылар қарттарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлеңдер оқып, ән айтып, әсем билерін тарту етті. Сонымен қатар, оқушылар ата-әжелерге деген сүйіспеншілігі мен құрметін өз өнерлері арқылы жеткізді.

Шара барысында «Қариясы бар үй – қазыналы үй» деген халық даналығының мәні кеңінен насихатталды. Оқушылар үлкенді құрметтеу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі екенін түсінді.

Іс-шара соңында қатысушыларға ізгі тілектер айтылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.